Қараша 29, 2021
Banner Content
Бөлісу

Бәріміз білетіндей, бақытты отбасы – бұл үздіксіз жұмыс. Өзімізбен, бойымыздағы жағымсыз әдеттермен жұмыс істеу арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Олай болса, некеде бақытқа жете білетін әйелдердің бес түрлі мінезін бойыңызға сініріңіз.

  • Қабылдау

Қыз бен жігіт болып жүріп болып, отбасын құрғаннан кейін жас жұбайлар бір-бірін қабылдай алуы керек. Жұбайыңыздың пікірін, мінезін, қылықтарын қабылдап үйреніңіз. Кейде тіпті жағдай ушыққан шақта үндемей қалуға тарасыңыз.

  • Жауапкершілік

Сіздің жарыңызбен қарым-қатынасыңыз көңіл-күйіңізге байланысты болмауы керек. Тіпті жұмыстан шаршап келсеңіз де, отбасыңызға дұрыстап көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Керісінше, бір-біріңізге қолдау білдіріп, қиындықты бірге жеңуді үйрену керек.

  • Позитив

Ара қатынасты драмаға айналдырудың қажеті. Керісінше, позитивті болыңыз. Күйеуіңізден күндіз қандай қызықты оқиға болғанын сұраңыз. Сонда әңгімелеріңіз көңілді басталады. Бұл салмақты мәселелерді жоққа шығару деген сөз емес, олар туралы айтуды жағымды көңіл-күймен бастау дегенді білдіреді.

  • Бірге даму

Жұбайыңызбен бірге өсуге, өзгеруге қашан да дайын болыңыз. Күйеуіңіздің қызығушылықтары мен таңдауын сыйлап, отбасындағы жауапкершілікті ақылдаса отырып бөліп алыңыздар. Сонда ешкімнің жеке тұлға ретінде дамуы тоқтап қалмайды.

  • Өзгеріске дайын болу

Үйдегі жиһаздардың орнын ауыстыру, бөлме немесе пәтер ауыстыру отбасы мүшелеріне тек жақсы жағынан әсер ету керек. Кез келген жаңашылдықты оңай қабылдап үйреніңіз. Күйеуіңіздің жұмысында қиындар болған жағдайда, отбасы шығындарын айта жөнелмей, оған қолдау білдіріңіз.


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

kkKazakh