Әйел жасы: 30+

«Әйел 18 жасында әдемі болмаса – табиғат, отыз жаста әдемі болмаса – жалқаулық» дейді. Отыздан кейін де әрін бермеу әр әйелдің өзіне байланысты. Сондықтан бүгін осы жастағы әйелдер ұмытпау керек әдеттерді еске салғымыз келеді.

Жүйелі тексерістерді ұмытуға болмайды: Соңғы жылдары онкология өршіп тұр. Әуелде 50-ден асқан, кейде ғана 40-тан асқан әйелдерді кездестіруші едік. Қазір 20 жастағы әйелдерді де бұл дер әуре етіп жүр. Осы себептен де әр жасқа сәйкес күтім мен тексерісті жүйелі түрде орындау керек. Бұл тек гинегологиялық тұрғыда емес, кез келген ағзаға байланысты. Мысалы, жатыр мойны қатерлі ісігі ешқашан өздігінен бір күнде пайда болмайды. Негізі жасушаның өзгеруі ұзақ процесс. Жүйелі гинеколог қабылдауында болып, анализ тапсырып тұрсаңыз, өзгерістерді анықтау да ерте болады.⠀

Әйелдің репродуктивті денсаулығы: Әдетте, 30 жасында әйел екінші немесе үшінші баласын туады. Алайда, бірінші болуы да мүмкін. Өйткені қазір бұл қалыпты, жиі кездесетін жағдай. Осы кезде әйел бала босану – денеге үлкен ауыртпалық екенін түсінуі керек. Егер бұрын жүктілік әйел үшін өте пайдалы деп есептелген болса, қазіргі кезде дәрігерлер оның да айтарлықтай проблемасы боларын жоққа шығармайды?
Мысалы, аллергиясы барлар өте көп. Ал ол жүкті кезде екі есе қиындауы мүмкін.⠀
Сосын қант диабеті деген дертте екінің бірінде кездесіп жатыр. Бұл жүкті әйелдегі көмірсулар алмасуының бұзылуына алып келеді.  Осы секілді денсаулықтағы дерттер асқынып кету қаупі жоғарырақ кезең. Сол үшін жүкті болудың алдында тексерістен өтіп, дәрігер кеңесіне жүгінген жөн.⠀

Жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялардан сақтану: 30 жастағы әйелде жыныстың қатынас белсенді болады. Кейде оның серіктесі ауысуы да мүмкін. Осы кезде әр ер адам өзімен бірге инфекция таратанын ұмытпау керек. Сондықтан сақтану шарасын ұстанып, тексерістен өту керек.

Total
0
Shares
Previous Post

Қыздарға кеңес: Жыныс мүшеңіз қарайса…

Next Post

Еріңізді төсекте қызықтыра аласыз ба?