Banner Content
Бөлісу

Дүкеннен сатып алатын көкөністің қандай боларына ешкім кепілдік бере алмайды. Бірақ бір ащы қияр бүкіл тағамның дәмін бұзуы мүмкін. Десе де қоқысқа тастауға асықпаңыз.

Көкөніске судың, не баптаудың жетіспеуі оның құрамындағы кукурбитациннің көбеюіне әкеледі. Ол жапырақ, шөптерде болатын зат, әдетте көкөністерді аз ғана мөлшерде болады. Тек стресстік жағдайларда көбейіп кетуі мүмкін. Бірақ оны кетірудің бірнеше әдісі бар.

Қиырдың екі ұшын шамамен 3 см етіп кесіңіз. Пышақ пен қиярды салқын суға жақсылап жуып алыңыз. Одан кейін оның қабыңын ашып, екіге бөліңіз. Сосын ортасындағы дәндерін алып тастаңыз. Осыдан соң оны салатқа қолдана беруіңізге болады.

Жалбыз, ақжелкен, аскөкті суға салып, қант қосыңыз. Оған қиярды бірнеше сағатқа салып қойыңыз. Қант пен шөп ащы заттарды кетіреді, қиярдың дәмін одан әрі кіргізеді.

Қиырдың қабығын ашып салқын суға, не сүтке 5-10 минутқа салып қойыңыз.

Көкөністі екіге бөліп, ортасына тұз себіңіз. Сосын бір-біріне қатты үйкеп, одан кейін салқын суға жуыңыз. Осымен дайын болған қиярды кез келген салатқа қоса беріңіз. Астарыңыз дәмді болсын!

Фото: ғаламтордан алынды


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

fifteen + twelve =

kkKazakh
kkKazakh