Ерте оянудың 6 тәсілі.

 

Бүгін ерте ұйықтаймын!

 Бұл күнде айтатын сөзіңіз бе? Таңертең кеш оянып, салдарынан жұмыстағы бастықтан сөз естіп үлгердіңіз бе? Мұны енді тоқтатыңызда, таңды қарсы алып, рахатты сезініңіз! Ол үшін 6 кеңеске құлақ асыңыз.

             Ерте тұруға себеп табыңыз.

Таңды қарсы алудың өзі ғанибет. Біле білсеңіз, жетістікке жеткен танымал тұлғалардың көбінің жұмыс режимі таңғы сағат 5-те басталады. Бірінші кезекте, жастықтан басыңызды көтеруге үшін маңызды себеп табыңыз.  Мысалы, кешігуге болмайтын кездесу, жұмыстағы жиналыс, тіпті болмағанда фитнес залына бару керек деген ойды санаға құйып, оны оянуға мәжбүрлеңіз.

      Артық күш қажет емес.

Бірінші кеңесті оқып,  ертеңнен бастап сағат 5-те тұрудың керегі жоқ. Алдымен, өзіңіз оянатын уақытыңыздан күніне  15-20 минут ерте тұрып жаттығыңыз. Сол кезде санаға да, ағзаға да салмақ түспейді. Мұны эксперттерде мақұлдап отыр. Олардың айтуынша, ұйқыға ертерек жатуда пайдасын тигізеді.

      Оятқышты дұрыс таңдаңыз.

Әдеттегі отқышты қойып, оның үні шыққан кезде қолыңызбен бір шертіп ұйқыны жалғастыра беруді доғарыңыз. Ерте тұрамын деген нақты мақсатыңыз болса, телефоныңызға «Wake N Shake Alarm Clock», «Step Out of Bed», «Walk Me Up»  қосымшаларын жүктеп алыңыз. Бұл оятқыштардың ерекшелігі сіз бірнеше рет телефоныңызды пайдаланбасаңыз, жай бір рет экранды баса салғанға  өшпейді. Жүйкеңізді тоздырады, бірақ нәтижесі болады.

     Терезені ашыңыз.

Бөлмеңіздегі пердені түріп, терезені ашып жаңа күнге тамсана қараңыз! Күннің шуағын сезіну сергектік силап, миға «ояну керек» деген дабыл береді. Таза ауа өзіңізге де пайдалы.

   Демалыс күні де ерте тұрыңыз.

Арамызда аптаның демалыс күнін ұйықтау үшін күтетін адамдар бар. Бір рет оятқыштан ерте оянып көрген бе едіңіз? Сіздің ішіңізде де жаңа күннің басталғанын білетін «оятқыш» бар. Оған сіздің ерте тұрғаныңыз ұнайды. Сол себепті, демалыс күнгі тұратын уақытыңыздың, күндегіден қатты айырмасы болмағаны абзал.

      Рахат алыңыз.

«Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Бірінші оянып, отбасындағыларға дәмді таңғы ас әзірлеп, оларды сүйіспеншілікпен күтіп отырудың өзі ғанибет емес пе? Ал, оларға қуаныш силау арқылы, өзіңіздің де көңіліңіз көтеріледі.

Total
9
Shares
Previous Post

Гүлназ Ауданбаева: «Тағдырмен сырласу»

Next Post

Pellentesque porttitor nec amet