Дымляма тағамын бірге дайындайық!

Бүгін ас үй ханшайымдарына арнап дымляма тағамын дайындау әдістерін назарларыңызға ұсынамын! Ол үшін мына ас құрамын мұқият қарап шығыңыз:

1⃣.Сиыр еті
2⃣.Пияз 2 дана үлкен
3⃣.2 қызанақ
4⃣.Картоп 10-12 дана, біркелкі болуына назар аударыңыз
5⃣.Баклажан 1 дана
6⃣.Кабачок 1 дана (қоспасада болады)
7⃣Сәбіз 1 дана (үлкен)
8⃣Болгар бұрышы 2 дана
9⃣Орамжарақ 0,5 дана
1⃣0⃣Тұз
1⃣1⃣Зира
1⃣2⃣аскөк
1⃣3⃣Сарымсақ 1 дана

Дайындалуы:
1⃣.Қазанға 200 мл сұйық майды құямыз. Етті қызған майға қуырамыз. Бетін жауып астын басып 30 мин пісіреміз. Арасында араластырып отыруды ұмытпаңыз. Болмаса сәл су құып пісіріп алсаңыз болады(30 мин). Суы тартылған соң, отты көтеріп, пиязды қосасыз, араластырып екеуін бірге 1-2 мин қуырасыз. Екі қызанақты қесіп қосып, тұз себіңіз. Біркелкі картоптарды тегістеп бетіне қойып шығыңыз, кішкене тұз себесіз және сәбізді дөңгелектеп турап саласыз. Кабачокпен баклажанды дөңгелектеп турап, саласыз.Тегістейсіз де зираны алақаныңызға салып езгілеп тұзбен бірге қосыңыз. Болгар бұрышын үлкенірек етіп тұрап қосыңыз. Ең жоғарғы бетіне орамжапырақты ашып саласыз. Бетіне аскөк тураңыз. Сарымсақты жақсылап жуып, ортасына тығыңыз. Үстіне тағы да сәл тұз қосыңыз. Бетін жауып, газды өте азға қойып,1,5-2 сағат бұқтырып қоясыз. Міне, бүгінгі ас мәзірінде сізді дымляма тағамы күтіп тұр. Ас болсын!

Автор: SSS017_

Total
0
Shares
Previous Post

20 қараша: Өміріңізден рахат алыңыз!

Next Post

Суицидке бейім қазақстандық жастарды жасанды интеллект арқылы анықтаудың жолы табылды