Атпен серуендеудің 5 пайдасы

Түзу қалыпта отыруды үйренесіз

Атқа дұрыс отыру – біріншіден арқаны тік ұстау. Бұл үшін арқа, іш және бөксе бұлшықеттері жұмыс жасайды. Аттың үстіндегі қалтқысыз әрі әдемі отырысыңыз әдетке айналып, өмірде тік жүріп, түзу отыра бастайсыз. Шын мәнінде нағыз шабандозды атпен қалай шапқанына қарап емес, қалай отырғанына қарап тануға болады. Әсіресе, атпен серуендеуге балаларды кішкентай кезінде бейімдеген дұрыс. Себебі, бұлшықеттері енді қатайып келе жатқан бала еңсесін тік ұстауды өмір бойына меңгеріп алады.

Бұлшықеттердің нығаюы

Көпшілік денеге ауыр күш түсірмей бұлшықеттерді қатайтуда жүзуді тиімді санайды. Дегенмен атпен серуендеудің пайдасы одан кем емес. Атқа отырып бел, бөксе, аяқ бұлшықеттерін жаттықтыруға болады. Кейбір қыздар атқа көп отырғаннан аяқтарын қисайтып алудан қорқады. Бірақ, бұл жай ғана – миф. Аяқтың қисайып кетуі атқа кішкентай кезінен бастап күніне 8-10 сағат отырғаннан ғана болады.

Күйзелістен арылу

Тіпті атпен аздаған серуеннен кейін адам өзін жақсы сезіне бастайды: көңіл-күй жақсарады, мазалап жүрген ойлары қалыпқа келеді, рахаттана бастайды. Бұл – дәлелденген. Ежелде Гиппократ меланхоликтерге өмірге позитивті жағынан қарауды үйрену үшін атпен жиі серуендеуді ұсынған. Кейін 20 ғасырда ауыр отадан кейін жылқымен және итпен байланыс тезірек қалыпқа келуді қамтамасыз ететіні дәлелденген.

Зейін жақсаруы

Ат үстіндегі адам байқампаз әрі сергек болуы керек. Тепе-теңдікті сақтай отырып жан-жағындағы әрбір қимылды, құбылысты, аттың көңіл-күйін де сезіне білуі тиіс. Шабандоз денесі арқылы атты келесі қимылға бағыттайды. Сондықтан атқа мінген адам алдымен өз денесін толықтай сезініп, оны басқарып, зейін қоюды үйренеді.

Медициналық тұрғыдан пайдасы

– қан айналымы жақсарады;

– ас қорыту жүйесі дұрысталады;

– жүйке жүйесі реттеледі;

– жүрек жұмысы жақсарады.

– денеге серпімділік әкеледі;

Total
38
Shares
Previous Post

Пластикалық операция жасауға асықпа!

Next Post

Нағыз әйел «сүйем» деп қалай айтады?