Мені қуантқаныңыз үшін рахмет (жолданбаған хат)

Біз тай құлындай тебісіп өспесек те, бір сыныпта білім алып өстік. Әлі есімде, сенің басқалардан үнемі алда тұрар алғырлығың болатын. Оған бәрімізде қызығушы едік. Мені өзіңе жақын тұтаныңды сезетінмін, мен де айналшықтап сенің жаныңда көбірек болу үшін бірдемелерді былдырлайтынмын да жүретінмін. Бірақ, балаң қыз ретінде сол кездегі сен берген жылулықты басқаша түсінген болармын. Әлде, сен қателестің бе? Әйтеуір, екеуміз армандаған тұста мен жалғыз қалып ойған едім.

Бірақ, мені тастаған жеріңде уақыт менімен бірге қалып қойған жоқ. Олдасен сықылды ұзап кетті. Әйтеуір, сенен қалған естеліктер арқылы бірде өзіңді аңсап, бірде ашуыма тигеннен өзімді- өзім жек көре күбірлеп жүретінмін. Солай, зымыраған уақыт жылдарға созылып кетіпті. Мен оқуды бітіріп маман болдым, алдыма қойған арман жолдарымның ешбір аялдамасында сен туралы жазбаған едім.

Сол күні… Көктемнің алғашқы күні естелік дәптерлерімді ақтарып отырғанмын. Бірінің ішінде бүктелген конверт жүр екен. Ішінен екі шар мен «Менің ең бақытты күнім, Ол бүгін маған шар сыйлады. 11.12.2011 жыл» деп жазылған бір жапырақ қағаз жүр. Есіме сол кеш ерексіз орала береді, үлкен зал, фуршет, би, ойындар… Сенің маған ешкімді жолатпай, қызғануың…Бәрі бір күні кеше болғандай көзім алдыма келді. Соның салдарынан, қазір сенің қайда екеніңді, не істеп жүргеніңді білмейтінім жаныма бата түсті. Кейде бұл сезім дегенді қойсаңшы, еркіңе бағынбай кетеді емес пе? Түн ортасында тыпыршып, шыдамсыз күймен бөлмені әрлі-берлі кезіп жүрмін. Ұялы телефонымды алдым да, санамда сақталған сандарды тере бастадым. Жасырын нөмірге жауап берген, дауысты бірден таныдым. Сенсің! Нөмірден қателеспеген екенмін. Үн шығара алмадым, сенде қайта үндемедің.

Осы бір ерекше сезіммен ұйқыға кете бергенімде телефоныма хабарлама келді. Тәтті ұйқының есігінен енді ғана қалғып кіріп бара жатқанда, «Бұл кім екен мазаны алған» деп, кінәсіз телефонды жазғырып, қолыма алсам сенің нөміріңнен келіп тұр.

«- Сен бе?» деген мәтінді көзімді саусақтарыммен бірнеше қайтара уқалап жіберіп қайта-қайта оқыдым. Қателеспеген сияқтыымн. Сенің нөміріңнен келген. «Енді қалай жауап беруім керек… Неге ғана хабарласқан едім… Ой осы менің басым жоқ… жылдамдығында шек жоқ ойдың осы ауандағы нешеуін ойлап тастадым десеңші.

Осы уақыт арасында сенен тағы хабарлама келді. «Сағындым» дегеннен басқа сөз жоқ. Десе де, осы бір сөз менің алдыңғы ойларымның бәрін ысырып тастап, еркіндік бергендей сезілді. Бұл кезде артқа қайтар жол жоқ, бар болса да қайтқым келмейді.

– «Менде сағындым» деп жауап жазып жібердім.

Сонымен, талай жылғы үзілістен соң сені қайта таптым. Қуыныштан жылап отырғанымды сезіп отырсың-ау. Сенсіз уақыттың оқиғаларын тізіп болдым, енді сені көргім келетінін де жасырғым келмеді.

Ара қашықтың кедергі болмайды ғой, бірсігүні сенімен кездестім. Жүрегімде толқыныс та жоқ емес, өзгергенімді көрсеткім келіп, ерекше болып баруға тырысып-ақ жүрмін. Жүрек деген солай жиі соғады ма? Жоқ, әлде маған солай сезіледі ме? Оны қойшы, бір нәрсеге алаңдасам екі бетім қызырып кететіні бар емес пе? Опаны жұқалап жағып, қайта жуып әйтеуір әбігер болып ұшып жүргенім. Вокзалға ерте барып алып, мына әлемнің соншалықты тар екенін түсініп тұрмын. Сол тар әлемде уақыттың да қинала алға жүріп жатқаны одан сайын ызамды келтіргендей.

Жә, уақыт келіп, пойыздың тоқтағаны хабарланып жатыр. Сен түсетін вагонның алдындамын. Пойыздан түскен кездегі күлгеніңді көріп, жүгіріп мойныңа асылар ма едім, бірақ іштегі бір жіп жібермей, мені  тартып-тартып қоятын сықылды. Барлық қыздың мінезіне салып, сенің сүйгеніңді күтіп тұрмын. Келіп құшқандағы ыстық деміңді қанша жыл күттім десеңші. Әйтеуір, күле бергім келді.

Сол жерден басталған серуеннің ешқашан бітпеуін тілеп жүргенім. Манағы «еріншек» уақытта, енді «пысықсына» қалған ба? Тәтті сәттер басталғанда неге тоқтап қалмайды екен? Сенің сөйлегеніңе, еркелеткеніңе осынша зар болып қалай өмір кешіп, тыныстап жүргенмін. Алақаныңды жібергім-ақ келмейді. Бірақ, түнде кіріп кеткен екен. Біздің үйдің алдында сенің еркелеп бетіңді тосып тұрғаныңды білемін.  Менде қырсығып сүйе қоймадым, бірақ, сүйгім-ақ, келіп тұр еді. Осы бір қырсықтық та, өз уақытымен болмайды екен. Сонымен қимай қоштастық. Мені үйіме кіргіздің де мәшинеңнің тежегішін қаттырақ басып жөнеле кеттің.

Тағы да тәтті ұйқының ауылына кіре бергенімде хабарлама келді. Телефоныма көзімді әрең ашып қарасам сенің нөміріңнен, «Жаным менің, сені қуантқым келді. Бірақ, мен үшін қиналғаныңды қаламаймын»- деген мәтін тұрды. Екеумізде оның себебін ұғынып, ұйқыға кеттік.

Total
24
Shares
Previous Post

Қазақ тарихындағы атақты әйелдерді білесіз бе? (ТЕСТ)

Next Post

Ләззат Байтоқанова, иллюзионист: “Өнерім сиқыр емес!”