“Я люблю тебя”: Отандық кино көрсетіліміне келіңіз!

2019 жылдың 10 қазанынан бастап барлық кинотеатрларда – “Я люблю тебя”.

Отандық кинолар тізбегі осы күзде бірнеше туындылармен толығып жатыр. Соның бірі, көптеген танымал телебағдарламалар мен телесериалдардың продюсері Гүлнұр Мамасарипованың толықметражды “Я люблю тебя” фильмі.

Шығармашылық ұжым 7 қазан күні Алматыда, 8 қазан күні Астанада,  9 қазан күні Ақтауда фильмнің премьералық  көрсетілімін өткізуді жоспарлап отыр. 

80 минутқа созылған бұл фильмде Алматы қаласында  болған  қос ғашықтың ерекше махаббатын баяндайды.  Басты кейіпкерлерінің бірі жас әрі талантты, болашағы бар әнші – Сара. Нақты ұстанымы бар, қызын қатаң тәртіпте ұстап отырған кәсіпкер, Сараның анасы – Жанна.  Кезекті концерттік қойылымдардан кейін түнгі Алматыны серуендеп жүрген қыздың алдынан бірнеше топ жігіт шығады. Сараның бағына орай жақын маңда күрес  спортымен шұғылданатын Бек алдынан шыға келіп, оны құтқарады. Бұл сәт кейіпкерлердің тағдырын шешеді. Ал уақыт өте келе Сара мен Бек арасында махаббат ұшқыны пайда болып, қарым-қатынастары жақындай түседі. Бірақ Жанна екеуінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі ұлғая түскенде, ештеңеге қарамастан ажыратуға тырысады. Себебі, күйеу баласының бойынан  болашағын көрмейді, сондықтан қызының жақын араласуын қаламайды. Екеуінің арасында түсініспеушілік туындап, анасының ісінен екеуіде зардап шегеді. Жаннаның кедергілеріне қарамастан екі ғашық бірге бола ала ма?

Бұл сұрақтың жауабын ертеңгі жабық көрсетілімнен кейін жаузатын боламыз. Және әріптестерімізді де отандық туындыны қолдауға шақырамыз!

 

 

Ikerim.kz

Total
0
Shares
Previous Post

Tellus Etiam Commodo Pellentesque Nec Elit Eu Adipiscing Quis Massa

Next Post

Maecenas Tincidunt Eget Libero Massa Vitae