Тұрмысқа шығатын қыздың бойындағы 4 құбылыс

Ол күн қалыңдық үшін күнтізбедегі күнделікті қызылмен белгіленген сенбі не жексенбі емес. МАҢЫЗДЫ КҮН. Айлар күндей, күндер сағаттап сырғиды. «Тоқтаааашыыы, сәл кідірші, үлгермей жатырмын!» деп айқайлап айтсаң да, естімейді. «Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды». Материалдық жағынан бәрі дайын болғанымен, сана мен жүрек саралап үлгермей қалады. Көзіңді ашсаң орамал тағып сызыла сүт қатқан шайды екі қолмен дірілдей қайын енеңе ұсынып отырсың. Жаңа әулет, жаңа үй, жаңа орта, жаңа «қызмет». Кешкі 18:30-дан соң үйге кетемін ғой дейтін жаңа жұмыс орны емес. Қонасың! J Бұл жолы жалғыз емес. J Жәәә күлме досқа, келер басқа деген. Іске көшейік. Сонымен тұрмысқа шығатын қыздың бойында қандай 4 құбылыс орын алады. Дауыл, жаңбыр, қар, күн деп символдап тастасам да болады. Бірақ көп қиялданбай түсінікті тілмен жеткізіп көрейін.

  1. «Мен дұрыс таңдау жасадым ба?!» Былайша айтқанда ол ол ма, мен мен бе деген сұрақ қой?! Өмір бойы ханзадам деп күткен адамың сол ма?! Әлемдегі 7 миллиард 597 миллионның арасынан таңдап тигенім өзімдікі ме?! Не үшін ол?! «Оооо құдай, жақында тойал мен әлі ойланып жүрмін». Ойлама! Шегінерге жол жоқ, артыңда сырға салу, алдыңда той. Бұл ойды «Иә» демей тұрғанда ойланып алған жөн жалпы. Сондықтан «мы должны остаться мыми, они оними». Ең бастысы таңдап тиейін деп жатқаның таз емес, тфу-тфу-тфу, деп шүкіршілік етіп, тәубеге кеп қойыңыз J.
  2. «Келін болу қолымнан келе ме?!». «Шайымның түсі дұрыс шыға ма, пісірген тамағым күйіп кетпей ме, нанды қолдан жай десе ше?! Таңертең ұйықтап қалсам, енем сөйлемей ме?! Қалай және кімге сәлем салам?!» Стоп-стоооооооооп! Тоқташы өтініш! Әлі уақытың бар шығар, болса үйірмеге, болмаса үйіңде осының бәріне эксперимент жасап, үйреніп алшы. Егер уақыт болмаса, ештеңе етпес. Қолыңыздан келмесе, аяғыңызбен көріңіз J. Қазақ келіннің аяғынан деген. Әлі-ақ, бақытты боп кетесіз!
  3. «Ооо, иес, 24 сағат сүйіктімнің жанында боламын!». Иә, қуаныңыз! Қаншама уақыт бірге жүріп, оның көп қарғаның арасынан таңдап алған аққуы атандыңыз. Ең бастысы еліміздегі 350 мың кәрі қыздың қатарына кірмейсіз. Енді жар атанып, келін болдыңыз. Алла нәсіп етсе статусыңыз жоғарылап, ана атанасыз. Олармен арпалысып жүріп өзіңіздің де қалай ене атанғаныңызды аңғармай қаласыз. Сондықтан жақсылыққа ойыңыз жүйрік болсын.
  4. «Той жоспарлағанымыздай өте ме?!». «Қонақтар шақырылды. Тортқа тапсырыс берілді. Тамада «бәрін өзім қатырам» деді. Көйлегім өзіме ұнайды. Зуля жаман деді, демек маған жарасып тұр. Алғашқы түнге «вроде» дайынмын. Өтеді де кететін дүние дейді ғой… уфф жаным-ай J…..» Шексіздік. Бәрін лупа не дүрбімен бақыласаңыз да дәл той күні әйтеуір кішкентай болса да минус көрінеді. Бәрін дайындап қойдық, тек қалыңдық қалды деген күннің өзінде фата тағуды ұмытып кеткен кездер де болған. Сондықтан кемшіліксіз өткен той той емес! Мойындалмайды J.

Маған мәлім де беймәлім 4 құбылыс осы. Басқасын «Қайдан білейін?!». Ал сіз кешірген сезімді төменге пікір етіп қалдырыңыз.

Total
6
Shares
Previous Post

Менің атым Теңге

Next Post

Иглз болмаймын бір күні…