Ренжіген кезде өзіңе сұрақ қоясың ба?

Егер сіздің өміріңізде көңіл-күйіңді түсіретін сәттер, ренжітіп жатса, көңіліңізді қалдырып, ойыңыздағыдай болмаса немесе жаныңызда жағымсыз жағдайлар көбейіп кетсе өзіңізге сұрақтар қойыңыз. Оның жауаптары шындықты табуға көмектеседі, яғни тура жолға бағыттайды. Уақытыңызды бөліп ойланып қарасаңыз жағдайдың лайық немесе лайық еместігін анықтайсыз.

 

1. Қазіргі орын алып жатқан жағдай – бірінші рет болып тұр ма, әлде басымнан өтсе де, қабылдағым келмеді ме?

2. Қазір менің көңілімді түсіріп тұрған жағдай, ауырып қалсам, өлім мен өмірдің арасында алпалысып жатқан сәтте маңызды болады ма?

3. Ренжіткен адамдар менің жоғалтқан күш-қуатым мен уақытыма, жүйкеме-жүйеме тұрарлық па?

4. Бұл жағдай бірнеше жылдар өткеннен кейін маңызды бола ма?

5. Мен бұл жағдайда бір нәрсені өзгерте аламын ба, мүмкін болса, неге уақытым көңілімді түсірумен өтіп жатып? Ал егер мен қолымнан келмейтін болса, онда неге менің мұңайуым қажет, мен ештенке өзгерте алмаймын ғой?


Ешқашан ашуланбаңыз сонда ғана шешім қабылданады!

Сурет: pixabay

 

Total
0
Shares
Previous Post

Тағдыр саны: 2 саны неге жауап береді?

Next Post

Негативті дұрыс шығарудың 7 жолы