Шашты жиі майландыратын 6 себеп

Шашыңызды қанша күн сайын жуасыз? Аптасына бір рет? Екі рет? Әлде күн сайын? Шашыңыз жиі майлана ма? Ендеше оның себептерін біле жүріңіз. Шашты тез майландыратын мына факторлар:

Ауа ылғалдығы

Мұндайда басымызды жиі жууға тура келеді. Әсіресе, көктем мен күз мезгілінде. Себебі ауа ылғалдығы май бездерінің белсенділігін арттырады. Шашыңыздың тез кірлейтінін байқасаңыз. Үйдегі не кеңседегі ауаны тазартып, құрғатуға тырысыңыз.

Гормональды бұзылулар

Гормондық бұзылулар шаш пен теріден бірден білінеді. Мәселен, бетте бөртпелер пайда болып, тері құрғауы мүмкін. Шаш та бұл кезеңде майлануға бейім боп кетеді. Сондықтан эндокринолог маманның кеңесін алып, тексерілген дұрыс.

Стресс

Кортизол стресс гормоны барлық ағзамыздың жұмысына әсер етеді. Стресс күшейген сайын, кортизол да ұлғаяды. Олардың белсенділігі артуына байланысты шаш та тез кірлейді. Сондықтан тынығып, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Шашты жиі тарау және сипау

Трихолог мамандар шашты тәулігіне 3-4 реттен артық тарамау қажеттігін айтады. Шашты тараған кезде фолликулалар майы бөлінеді. Сипап, қолымызбен ұстай беру де дәл осы майды туындатады.

Шашты ыстық сумен жуу

Ыстық су май бездерін бірден кетіреді. Бірақ эпидермис оны қайтадан және дереу қалыпқа келтіре бастайды. Ол бұрынғыдан екі есе көп болуы мүмкін.

Тым қатты тартып тұратын шаш үлгісін жасау

Түбінен буу, тартып тастау да тиімсіз тәсіл. Бұл кезде май бездері тек шаш түптерінде қалып, басқа бөліктеріне жетпейді. Түбіне жиналған бездер шашты тез кірлетеді.

 

Автор: Т. Бекмұрза

Фото: pixabay.com

Total
36
Shares
Previous Post

Тест: Кадр арқылы отандық кинолардың атауын табыңыз

Next Post

НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМЫ: 6 ТАМЫЗ – стратегия күні