Фейсбилдинг: Нені ескеру керек?

Фейсбилдинг – бетке арналған гимнастика. Қазір бұл көп қыздар үшін таңсық емес. Бұл гинастикаларды жүйелі жасау беттің әдемігін арттырып, саулығын сақтайды. Бұл жаттығу кезінде 57 бұлшықет қимылдайды екен.

Ендеше, алдымен дайындықтан бастайық…

Дайындықтың өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Оның бастапқы кезеідеріне мән берсеңіз, нәтижесі де жақсы болмақ. Фейсбилдингті бастамас бұрын, бірнеше күн бет бұлшықеттерін сергітіңіз. Мысалы, ренжемеуге, ашуланбауға тырысыңыз, өйткені ол сіздің теріңіздің шаршауына, қартаюына әсер етеді.

Бетке арналған гимнастика қарапайым ғана жаттығулардан тұрады. Бірақ күн сайын жасау үшін ерік-жігер керек-ақ. Ол үшін өзіңізге жақсы мотивация тауып алуды ұсынамыз.

Одан кейін күніне кемінде 10-15 минут гимнастика жасауды әдетке айналдырыңыз. Осы тұста өз бетіңіздің ерекшелігіне мән беріңіз. Гимнастика сізге зиянын тигізбейтіндей болуы керек.

Гимнастиканың алдында ескере жүріңіз

Алдымен фейсбилдингте түрлі әдістер бар екенін айта кетейін. Сондықтан жеке зерттеп, өзіңізге қолайлысымен жалғастыруға болады. Гимнастиканың алдында бет пен қолдың тазалығына мән беріңіз. Сосын бетті ылғалдандыратын жақпамайды бет пен мойын бөлігіне нәзік қозғалыстармен жағыңыз. Гимнастикаларды айна алдында қайталасаңыз, қимылдарыңыздың қаншалықты дұрыс екенін көріп отырасыз.

Мінсіз бет пішініне арналған гимнастика

Жалпы бетке арналған гимнастикалардың үлкен кешені бар. Оның әрбірі беттің белгілі бір аймағына әсер етеді. Жалпы бет формасына арналғандарын да жасауға болады. Алғашқы кезде әр жаттығуды бес рет қайталау жеткілікті. Бетке арналған барлық жаттығулардың мәні – бұлшықеттерді кезектесіп, босаңсытып, сол арқылы олардың икемділігін арттыру.

 

Total
1
Shares
Previous Post

Ермек Тұрғанбек: “Актер боламын” деген арманым болған жоқ!”

Next Post

Әсел Ергеш: “Ұятты мен де білемін!”