Нумеролог: Карма – энергетикалық қарыз

Карма заңы = 99 сүре, 7-8-ші аяттар Қасиетті Құрандағы 99-сүре «Зілзәла» сүресі деп аталады, 8 аяттан құралған. Сүренің 7-аятында: «Сонда кім тозаңның түйірі салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді» делінген. Ал бұл аятты ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Барлығын бойына қамтыған дара аят» деп ерекше атаған. «Зілзәла» сүресінің 8-аятында «Ал енді кім тозаңның түйірі салмағындай жамандық істесе, оны да көреді» делінеді.

Карма заңы = Ньютонның 3-ші заңы: «Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады». Нақтырақ айтсақ, бұл заң былай тұжырымдалады: әсерлесушi екi дененiң бiр-бiрiне әсерi әр уақытта сан жағынан тең, ал бағыттары жағынан қарама-қарсы болады.

«Карма заңы» туралы қазақ ғалымы, ҚР Халық емшiлерi қауымдастығының президентi, академик, профессор Зиядан қажы Қожамылов «Денсаулықты жақсартудың жолдары» атты ғылыми монографиялық кiтабында былай дейді: «…Жағымсыз қылықтармен, ойлармен терiс кармаға тап болып, соның нәтижесiнде өз ағзасы мен психикасын түрлi сынақтарға ұшырататын болса, адам өзiнiң өмiрiн күрт қысқартады… Адам өлгеннен кейiн оның оң тәжiрибесi сүзiп алынады да, терiсi кармаға жiберiледi… Адамның кармалық каналдары күшi бойынша иерархиялық болады. Әрбiр адам – өз-өзiне иерарх. Бұны терең түсiнген сайын, өзiңнiң табиғатындағы мақсатсыздықтан құтылу оңай. Өзiңе сүйiспеншiлiкпен, өзiңнiң биологиялық айналма күшiңе жауапкершiлiкпен қарау керек. Туған-туыстардан каналдар жүрек чакрасына, достық қарым-қатынастар күн чакрасына, iскерлiк байланыстар алқым чакрасына, дұшпандық байланыстар жүрек пен күн чакрасына бағытталады. Өзiндiк жеке карма сегiзкөз аймағына бекидi.

Карма – энергетикалық қарыз… Карманы қалай тазартуға болады? Ол қалай?
Адамның мінезі мен өмірге көзқарасын өзгертіп, кармасын жеңілдеткен. Өткен күнге өкінішті жіберу, біреуге кешірімді болу.

Total
0
Shares
Previous Post

Эмма Уотсоннан жетістікке жетер 7 қағида

Next Post

Француз макияжының 5 ережесі