Аяжан Әліпбек: «Торт пісіру – мен үшін табыс әкелетін хобби»

 Әліпбек Аяжан – Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде   қаржыгер мамандығы бойынша екінші курста оқып жатыр. 16 жасынан бастап тәттілер пісіріп, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отырған сұлумен қызықты оқиғаларын еске алып, әңгемелескен едік.  

Медина Рахмедулла: Сәлем, Аяжан. Бізбен сөйлесуге уақыт тапқаныңызға өте қуаныштымыз. Бұл іске деген қызығушылығыңыз қалай басталып еді? Тәтті пісірумен қашан нақты айналыса бастадыңыз?

Әліпбек Аяжан: Сәлем, негізі қызығушылық 9-сынып оқып жүргенде басталған. Ғаламторда, YouTube желісіне кіргенімде түрлі тәттінің рецептері шыға бастады. Қатты қызықтым, алайда үйде пісіретін пешім болған жоқ. Әкемнен оны алып беруін сұрап едім, жаңа жылда тосын сый  жасады, қасында миксері де бар екен. Бәрі осыдан басталды. (Күліп) Есімде, ең бірінші  тосап қосылған бәліш пісірдім. Күйдіріп алдым, бірақ менің бір нәрсе дұрыс шықпаса, ойдағыдай шыққанша жасайтын әдетім бар. Үйдегілердің барлығына күйген бәліш беріп, кейін өзім біртіндеп қай кезде не жасау керектігін үйрендім.  Жұмыртқаны қалай көпіртеміз, қай кезде қосамыз дегендей. Процесс өз орнымен орындалса, барлығы ойдағыдай шығатынын түсіндім. Тағамның да сәтті шығуы үшін кәдімгідей зерттеу қажет. Ең бірінші жұмыртқа мен қанттан бастаған дұрыс. Төрт-бес минут көпіртпесе, қанша қопсытқыш қоссаң да бәрібір көтерілмейді. Барлығын дайындап, бөлме температурасына үйретесің. Кішкентай нәрсе болғанымен, торттың сәтті шығуына әсері көп. Сондықтан не үшін жасалынатынын біліп отырса, барлығы дұрыс шығады.

Медина Рахмедулла: Жауапты іс бастағанан кейін кейде отбасы тарапынан қарсылық жүріп жатады, сіздің ата-ананаңыздың қарсы келген кезі болды ма?

Әліпбек Аяжан: Басталған кезде әке-шешем жай ғана «қызығушылығы ғой» деп қарады. Өзімде де сондай ой болды Бірақ уақыт өте келе түрлі кондитермен таныстым. Ғаламтордан қарадым, шетел кондитерларының әдістерін зерттей бастадым. Көретін бағдарламаларымның барлығы осыған байланысты еді. Сосын ас үйге кірген кезде, соларды қайталаймын. Біреу мені тыңдап, көріп отырғандай, сөйлеп жүріп әзірлеймін. Ата-анам маған ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ. Тапсырыстар түсе бастаған кезде маған ең бірінші қойған сұрағы: «Сабағыңа кедергі келтірмейді ме?» болды. Себебі менің оқып жатқан мамандығым – финансист. Бәріне үлгергендіктен, қарсы келмеді.

Медина Рахмедулла: Жалпы сіз бұған хобби ретінде қарайсыз ба, әлде табыс көзі ретінде ме?

Әліпбек Аяжан: Табыс әкелетін хобби ретінде қараймын. Табыс әкелу үшін, істеп жатқан жұмыс ұнау қажет. Барлық жан-дүниемді салып, бар махаббатыммен жасаймын және одан шаршамаймын. Кейде дұрыс шықпай қалса да ары қарай жүруге тырысамын. Ал жұмыс ұнамаса, мен оны істемеймін. Жалпы адам айналысқан ісін сүйсе, жақсы көрсе, табыс та келеі деп ойлаймын.

Медина Рахмедулла: «Кондитерлермен танысып, олардың жұмысын қарай бастадым» деп жатырсыз, солардың арасында үлгі тұтатыныңыз бар ма?

Әліпбек Аяжан: Біздің елімізде тәттіні көбіне цехтардан алады. Ал онда барлығын адамдар емес, машина жасайды. Кішкене бағаларын төмендету үшін қажет емес ингредиенттер қосады. Оларды кінәламаймын, себебі ол цех. Көп көлемде шығару үшін уақыт жетпейді. Бізде әлі де бағасына ғана емес, сапасына да жұмыс істеу қажет. Сондықтан көбіне шет елдердің кондитерларына қараймын. Мысалы, ресейлік Алина Ахмадиеваның вебинарларына қатысып отырамын.

Медина Рахмедулла: Өзіңіз Алина Ахмадиева секілді YouTube-қа видео салып, рецептеріңізбен бөліскіңіз келмей ме?

Әліпбек Аяжан: Ойым бар, бірақ видео, сурет түсіру дегенді қатты ұнатпаймын. Әлеуметтік желілерге қызағамын деп те айта алмаймын. Өзімнің жеке парақшамда суреттерді сирек жүктеймін, тіпті желіде сирек отырамын. Бірақ бұл іспен айналыса бастаған соң әлеуметтік желілермен достасуым керек болды. Сондықтан алда жоспарда бар.

Рахмедулла Медина: Идеяларды қайдан аласыз? Сізді не шабыттандырады?

Әліпбек Аяжан: Кондитерлердің парақшаларын көріп, өзімнің ойларымды қосып, жаңа бірнәрсе ойластырамын. Тапсырыс берушілер көбіне: «Әрлеуін өзіңіз жасай беріңіз» дейді. Маған солай ұнайды. Солай еркіндік болса, шабыт та келеді. Торт қалай шығады, бетіне қараймын да не жасау керек екенін сеземін. Сосын бір қызығы, торты кімге жасаймын, сол кісіге байланысты боп шығады.  Мысалы, адам кішкене қырсықтау болса, тортымды да кішкене ұзақырақ  жасап кетемін J. Жеңіл адамдарға процесс жеңіл өтеді.

Медина Рахмедулла: Ас үйде жүргендіктен күні, түні бұл бөлмеден шықпайтыңыз белгілі. Жұмысымды бітірдім-ау дегенде немесе сол процесс барысындағы сізге  ұнамайтын қандай іс?

Әліпбек Аяжан: Біткен соң (күліп). Себебі өте көп ыдыс қалады. Негізі торт дайындау аса ұзақ процесс емес, егер күнделікті жасап жүрсеңіз, жылдам бітіруге болады. Жасау жарты сағат немесе қырық минут алуы мүмкін. Ал одан киінгі жинау екі есе уақыт алады. Сондықтан ыдыс жуғанды ұнатпаймын.

Медина Рахмедулла: @ayashkin_cakes- тің басқалардан ерекшілігі?

Әліпбек Аяжан: Ерекшелігі… Қазақстандағы тапсырысқа жасайтын, өздерінің  кондитерлік үйі бар кісілерді қарап отырып, олардың ішіндегі жас кондитер болуым деп ойлаймын. Байқағаным, ең жас дегендерінің өзі  жоғарғы оқу орнын бітірген. Ал мен енді 18-ге толған қызбын. Бәрін үйренемін деп, көзім жанып, көкірегім ояу боп тұрған шақ. Ерте бастағаныма ризамын. Кейін сол кісілердің жасына келген кезде тәжірбием көбейеді.

Медина Рахмедулла: Өзіңіздің рецепіңізді шығарып көрдіңіз бе? Аяжан ойлап тапқан торттың түрлерімен танысайықшы.

Әліпбек Аяжан: Әзірге екі рецепт бар. Капкейк пен бисквитті торт. Себебі мен капкейктарды осы күнге дейін жасап жүрдім. Көпшілік менің рецептіммен дайындалған капкейтарды ұнататынын байқадым. Ал тортқа келсек, бұл рецепті кездейсоқ таптым. Бір күні анама бір жерге апаруға торт қажет болды. Аяқ асты әзірледім.  Сөйтіп йогуртты бисквит тортын ойлап таптым. Дәмі балмұздаққа ұқсайды.

Медина Рахмедулла: Тапсырыс берушілер сіз дайындаған тәттіні ұнатпай қалған кездер болды ма?

Әліпбек Аяжан: Жоқ, ешқашан  мәселе туындаған емес. Маған тапсырыс берген кісілер қалай жасайтынымды біледі. Ешнәрсені аямай істеймін. Мысалы, «өзіндік құны» деп айтып жатады ғой, соны төмендету үшін, өтірік заттарды қоспайтынымды біледі. Тіпті бірнеше рет тапсырыс бергендер де бар. Әрине, кейбірінің арасында түсінбейтіндер де болады. «Неге бағасы дүкендегі торттардан қымбат?» дейді. Ол кісілерді де түсінемін, себебі, ас үйде жүріп, ол процессті көрмегендіктен, оған кететін азық-түліктің бағасын білмейді. Май немесе сгущенканы араластырып жасауға да болады, бірақ сапасына қарап, қымбат азық-түлік алуға тырысамын.

Медина Рахмедулла: Рақмет! Сіздеге алдағы уақытта сәттілік, мақсаттарыңызға жете беруіңізді тілеймін.

 

Total
27
Shares
Previous Post

Нумерология бойынша сәтті түсіңізді анықтаңыз

Next Post

Эмма Уотсоннан жетістікке жетер 7 қағида