Жігіттерді өсімдікке теңеуге бола ма?

Мектепте биология сабағынан өсімдіктердің өсетін жеріне байланысты бірнеше топқа (сулы жерде, ылғалды, шөл және шөлейт жерлерде) бөліп қарастыратыны есіңізде болар. Бірақ, маған ол шақта жігіттердің де типтелуі болады деген ой келген емес-­ті, қазір қарап отырсам оларды да осы сықылды жіктеп көруге болады екен…

Мысалы, өсімдіктердің алғашқы типі сулы жерде өсетіндер деп қарастырылады. Ал, осы тармаққа қалталы қыздардың қасынан табылатын жігіттер дәл келетін сияқты. Мұндай жігіттердің қыздарға қоятын бірнеше
критерийлері болады: оның «сүйіктісінің» бойы ұзын, шашы қалың, тағы осы сияқты талаптарға сәйкес  келмесе де, астындағы көлігімен алып жүретіні мен қымбат сыйлықтар силап тұратыны үшін жанында  болуға қарсы емес. Өздерінің айтуы бойынша, заман қиын екен, сол үшін кейде тіршілік қамымен өздерін егде әйелдерге де қиюға мәжбүр. Мұндай жігіттер сіз тіршілік кешіп жүрген ортада да бар шығар. Көбінде мұндай жігіттер сөзшең, өзінің түр­-тұлғасына сеніммен қарайтындар болғанмен, тағдырдың қатігездігінің
алдында әлсіз. Кейбіреулеріне сол «нулы» жер жағып, ары­ қарай бай бикештің күйеуінің рөліне еніп кете алады. Әрине, оның таңдауы әрі қуатты, әрі егде болған соң оның балалары болуы да қалыпты жайт. Бірақ, ол күйеу жігіттер үшін көп уайым емес екен. Қолы ұзын сүйіктісі үшін бала күтуші болуға да дайын. Ал, кейбірі бар «суды» азсынып, шөлі қанбай «су» сұрата беріп, тамырлары суға шіріп құлап түседі екен. Ал, кейбір пысықтары түбінде әйелді тақырға отырғызып кетеді.

Ал, кейбір жігіттер шөлге үйренген өсімдіктерге ұқсас болады. Оларға «судың» бар­ жоқтығы маңызды емес. Маңыздысы тығайған жер. Апталап, айлап су ішпесе де көне алады, яғни ол дегеніңіз өмірдің таршылық кезі
келсе, қиын­ қыстау шақ болса берік болады екен­ мыс. Бірақ, олардың сол «шөлге» шыдамдылығының  күштілігі сондай, өмір бойы шыдауға бар. Бойлары үйреніп кетсе, оны қайта сулы, құнарлы жерге алып шығу да қиын болмақ. Бұл жігіттердің өзіндік мені әлсіз, әрі ынжық болып келгендіктен махаббат деген сезімнен ада болуы да мүмкін. Олар өз «сүйгеніме қалай қол жеткіземін» дегеннен гөрі, «маған күйеуге кім шығар екен» деген ойдың жетегінде жүреді. Өз теңдерін тапса жақсы, өйткені көбі жастары біразға
келіп қалғанымен жалғыз бастылардың қатарында болады екен. Бұл топтағы еркектер жарына талаптар қойғаннан, ол қойған талаптарға бағынуды жөн санайды, сондықтан да болар бұл топта ажырасу деңгейі төмен.

ЖАЛҒАСЫ БАР… Сізге мұның жалғасы қызық па? Ойыңызды пікірге жазып, бізбен бөлісіңіз!

Фото: ашық дереккөзден

Total
17
Shares
Previous Post

Ыдысты оңай тазалау тәсілдері

Next Post

Amet Consequat Sapien Aliquam Aenean Rhoncus Pellentesque Nunc