Күйзеліске қарсы 5 медитация

Медитация жасау үшін уақыт пен күш күш-жігер керек деп ойлайсыз ба?

Тіпті олай емес!

5 мини-медитаций. Антистресс на каждый день

Зерттеулердің нәтижесі 10 минуттық медитация күйзелісті төмендетіп, жад пен концентрацияны жақсарта алатын көрсетеді. Қазіргідей қым-қуыт замандаойыңды тыныштандырып, миды сергітудің өзі қиын. Дегенмен біз ең оңай және тиімді медитация тәселдерін ұсынбақпыз.

  • Күніңіздің әр минуты толық жоспарланған болса, медитацияға уақытыңызды бөлу дұрыс па? Бір қарағанда, дұрыс емес көрінуі мүмкін, себебі барлығын жоспарлап сол бойынша жүруге тырысасыз. Бірақ шын мәнінде, бірнеше минут терең тыныс алу арқылы өзіңізді байсалды және күніңіздің өнімді өтуіне ықпал етесіз. Демек сіз жоспарлағаннан да көп нәрсеге үлгере аласыз! Бұл маңызды дағды кез келген міндеттерді орындауға көмектеседі.

Сонымен не істеу керек? Жоспарларыңыздың барлығын қағазға немесе смартфонға жазып алыңыз. Мұқият тексеріп, тізімге енгізді ұмытып кеткен пунктерді қосып қойыңыз. Тізімді бітіргеннен кейін, медитацияға кіріссеңіз болады.  Ыңғайланып отырып, көзіңізді жауып терең демалыңыз. Әрине, жоспарланған істеріңіз көз алдыңызға келеді.

 

Сонда пайда болған ойлардың келіп, кеткеніне сіздің денеңіз қандай реакция бергенін байқаңыз. Алаңдап жатырсыз ба? Ерінді тістеп отырсыз ба? Қолыңызды қысып жатырсыз ба? Дененің босаңсуы үшін саналы күш жасаңыз. Денеңізді тыныш сезінгеннен кейін, бірнеше терең дем алып, дем шығарыңыз. Кейін тұрып жоспарлаған істеріңізді жалғастырсаңыз болады. Сіздің бойыңызда энергия көбейіп, күйзелістің азайғанын байқайсыз.

  • Көлікте

Кептеліс – мегаполис тұрғындары үшін стресстің басты себептерінің бірі. Саусақ ауырсынғанға дейін рульді қысып, бағдаршамның қызыл сигналын гипноздауға болады. Ал осы жағдай ағзаңызға пайдалы болсын десеңіз, бірнеше минутыңызды медитацияға бөле аласыз.

Не істеу керек? Денеңізді сезініңіз. Сіздің қолдарыңызды рөлді ұстап, аяғыңыз тежегіште, ал арқаңыз орындықта екенін сезінуі керек. Айналасында не болып жатқанына назар аударыңыз. Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?  Күн жарқырап тұр ма? Жаңбыр жауып жатыр ма? Сіз машина сигналдарын естіп тұрсыз ба? Жағдайды барлық жағынан қарауға тырысыңыз, сырттан немесе жоғарыдан қараңыз, содан кейін — эмоциясыз қабылдайсыз.

Физикалық қысымнан ештеңе өзгермейді: бағдаршамның жасыл түсіне көшуін күтіп, сіз әлі де машинада отырасыз. Бірақ күйзеліс басылып жатқанын байқайсыз.

!Есіңізде болсын: медитация қалағаныңызша жасай аласыз. Дұрыс жасау ережелері жоқ.

  • Көшеде

Медитацияның үлкен артықшылығы, оны кез келген жерде және кез келген уақытта көшеде, саябақта, жұмысқа баратын жолда немесе дүкен ішінде жасауға болады. Қосымша уақыт та қажет емес! Керісінше сіз жолға жұмсайтын минуттарыңызды пайдамен өткізесіз.

Не істеу керек? Физикалық сезімдерге назар аударыңыз, өзіңізді демалғандай әсерде сезінесіз. Бірнеше терең дем алып, дем шығарыңыз.  Сіздің аяқтарыңыз жерге қалай тигенін сезініңіз.

  • Монитор алдында

Дәрігерлер “компьютерлік апноэ” деген атауға ие болған жаңа тәртіп бұзушыны анықтады: адам компьютермен жұмыс істегенде, мессенджерлерде электрондық хат немесе хабарлама жазған сәтте, тыныс алуыңыз жиілейді. Ал бізге келген хабарламалардың көргенде, ми допамин талап етеді – бұны дәрігерлер тәуелділікті қалыптастырумен байланыстырады.

Не істеу керек? Гаджеттермен жұмыс істегенде дененің реакциясын бақылап, тынысыңызды қадағалаңыз. Ал жаңа хабар туралы сигнал естігенде, оны бірден тексермеңіз. Терең тыныс алыңыз, сіздің өкпе, диафрагма және іш ауаға толы сезініңіз. Баяу дем шығарыңыз. Артынан хабарламаны тексеріңіз!

  • Душ қабылдау кезінде

Егер балаларыңыз бен жұмысыңыз болса, онда медитация үшін душта бірнеше минут уақытыңыз бар. Бұл – өзіңізбен оңаша қалуға жалғыз мүмкіндігіңіз. Одан барынша пайда алуға тырысыңыз.

Не істеу керек? Денеңізге көңіл бөліңіз – жылы су, сусабын хош иісі, теріге арналған душ гелі. Бірден жағымсыз ойлардан арыла алмайсыз. Олар әлі де сізді алаңдатуы да мүмін. Уайымдамаңыз – бұл қалыпты жағдай. Салқын су құйып, ойыңызды бір жинақтап алыңыз.

 

Күйзелмеңіз, күлімдеңіз!

Сайт: goodhouse.ru

Автор: Наталия Экономцева 

 

Total
0
Shares
Previous Post

Тамақтансам да, қарным тоймайды

Next Post

Сарапшы кеңесі: Қалай ақша жинауға болады?