“Өзгелер мені қабылдамайды”: Психолог кеңесі

Психологқа сұрақ: Менің мәселем әріптестерім мені ересек адам ретінде қабылдамауы. Мені бала кезімнен танитын ата-анамның достары мені жұмысқа орналастырды. Мүмкін сол себепті олар менімен кішкентай қыз ретінде сөйлесетін шығар, білмеймін. Мен шынымен жұмысымды жақсы атқаруға тырысамын. Айтыңызшы, мен не істеуім керек?

Назгүл Беспаева, психолог-мотиватор: Егер сіз айналаңыздағылардан өзіңізге кішкентай бала сияқты қатынас жасағанын көрсеңіз, демек ішкі жан дүниеңіз есейген жоқ! Өзіңізге мән беріңіз, біздегі адамдардың көбі жастары 35-45 болса да, бозбала – бойжеткен қалпында қалып қояды. Жан дүниесі кішкентай балаға ұқсап тұрады.

Ал енді оны қалай анықтаймыз?

Сізді біреу ренжітсе, жаман сөз айтып қойса, сіз оған ренжисіз. “Мен оған не айттым, не істеп қойдым?” ,- деген сұрақтар туындай ма, әлде “Дұрыс айтпадың, олай жасамадым” дейсәз бе? Соңғы нұсқа болса, өкінішке орай сізге айтқан адамның сөзі бірнеше пайызға дұрыс.

Өзіңізді бақылап қарап көріңіз. Яғни өзіңізбен жұмыс істеп, болмысыңызды қабылдаңыз. Саналы адам ретінде жағымды болсын, жағымсыз болсын қабылдай білу сіздің ересектігіңізді білдіреді. “Мен неге осындаймын? Мені неге қабылдамайды?”,-деген сұрақты өзіңізге қоясыз. Сіздің санаңыздың түбінде ересек адам секілді қабылдауларын қаламайсыз. Мүмкін жауапкершіліктен қорқасыз, мүмкін ұялатын болуыңыз керек.

Сіздің жағдайыңызға нақты тоқталар болсақ, папаңыздың достары сізді кішкентай кезіңізден көріп өскен, сондықтан сіз олардың көзіне кішкентай болып көрінесіз.

Қазір шешіп алыңыз, сіз өзіңізді ересек кісі ретінде санайсыз ба? Өзіңіздің бойыңызда әлі де балалық белгілер бар шығар? Оны анықтаңыз, түсініңіз. Әрине, егер кішкентай баланың қылықтары жоқ болса, бос сөзге мән бермеңіз. Ал бар болса, онымен күресудің шараларын бастаңыз.

Біреу “Барып кел, алып кел”,- деп жұмсаса,  өзіңізді кішкентай қыз секілді ұстағаныңыз. Олай болғанын қаламасаңыз, ішкі жан дүниеңізді өсіріңіз. Ересек адам секілді ұстаңыз, салмақты болыңыз, айтқан сөзіңізге жауап беріңіз, көрінгенге ренжіп қалмаңыз. Сол кезде олардың да көзқарасы өзгере бастайды.

Сіздің міндетіңіз сіз өзіңізді кішкентай бала ретуінде ұстайсыз ба, әлде әкеңіздің достарының көзінше әлі кішкентай баласыз ба осыны анықтап алу. 

Total
0
Shares
Previous Post

Таңның тиімді өтуі өзіңе байланысты

Next Post

Асхат Садырбай: “Жастарды біріктіретін жоба керек”