Ұйқысыздықтан құтыл!

Күндіз бойыңды ұйқы билеп, бір мызғып алғың келіп тұрады. Шаршағаныңды сезінесің. Көптен күткен  уақыт таяп, «Бүгін енді ерте ұйықтаймын» деп уәде берген сөзіңді «Бірер минуттан кейін ұйықтаймын» деп өзгерте саласың.

Ұйқы – адам өміріндегі міндетті физиологиялық жағдай. Сондықтан ұйқы кезінде бір күнде алған білім мен ақпараттар, естеліктерді реттейді. Уақыттылы тұрып, уақытылы жату оңай көрінгенімен, орындау қиын.

Күнтізбемді ретке келтіріп, ерте ұйықтап, ұйқысыздықтан құттыламын десең, біздің 7 қадамдық кеңесімізге құлақ салып, әр қадамды орындауға тырыс.

Бірінші қадам. Белгілі бір уақытта ұйықтап, тұру. Демалыс күндері жылы төсектен тұрғың келмей, ұйқыңды жалғастыра бергің келеді. Бірден тұрып кету қиындық соқтыру мүмкін, дегенмен адамның организимі әдет қалыптастырғанды ұнатады. Денсаулығыңды қолыңа ал, тыныш ұйқыны белгіленген уақытты таңдап, сол кезде ұйықтауды және тұруды үйрен. Кесте бойынша қадағалауға кеңес береміз!

Екінші қадам. Жатын бөлмеңді тыныш, салқын, қараңғы әрі өзіңе ыңғайластыр. Сомнологтардың сөзіне сенсек, ұйықтар кезде бөлме салқын болуы керек. Жатар алдында терезені ашып ауаны тазартып алған жөн немесе қалың көрпешелерді таңдап, терезені айқара ашып қой.

Үшінші қадам. Жатын бөлме ұйықтауға арналған. Жұмыстар  ұйықтауға әсерін тигізбеуі тиіс, себебі, басқа жерлерде де жұмысыңды атқара аласың. Бөлмедегі орналасқан телидидар,смартфон, планшеттер ұйықтауға кедергі жасайды. Кішкене ғана экранның бергі бетінен шығып тұрған жарық ұйқыны шайдай ашып, көңіліңді аударып, бірден оятып жібереді. Бұл тек ұйқыға арналған бөлме.

Төртінші қадам.  4 сағат бұрын жатар алдында тамақ ішкенді ұмыт және кофеин секілді зиянды заттарды қолданба. Тамақ ішу арқылы өзіңе артық энергия жинайсың, ал кофеинді заттарды  күтпеген азық-түліктердің ішінен  байқауға болады.  Какао, чай, шоколад және т.б ұйықтау процессін баяулата түседі. Суды да 2-3 сағат бұрын іш.

Бесінші қадам. Түнде ұйқы дұрыс болмағандықтан, күндіз ұйқы сұрап жүресің. Ұйқысыздықтан құтылу кезінде, адамдар қателік жібереді. Ол бір сағаттан көп ұйықтап алу.  Бір сағаттық ұйқының өзң түнімен ұйықыңды ұрлап алады. Ең азы 30 минут тынығып алғаның дұрыс.

Алтыншы қадам.  Спортпен айналасу.  Салауаттты өмір салтына бір табан жақындай түсесіз. Спортпен айналысу арқылы  біраз энергияңызды  алып шаршағаныңызды байқайсыз. Отыз минутыңызды бөліңіз.  Бірақ есіңізде болсын, жеңіл жаттығуларды орындаңыз, себебі шаршайсыз, дегенмен миыңызды оятып жіберіп, жұмысқа бейімделе түседі. Кешкілік серуенге шығып  30 минут далада тыныс алып келіңіз.

Жетінші қадам. Оқып шыққан әрбір қадамдарды орындаңыз. Ертеңге қалдырмаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Қазір болмаса да, бір күні жұмыс жасап режиміңізді бұзып алған жағдайда  қажет болады. Дұрыс таңдалмаған дәрі де ұйқысыздықтың себепкері. Дәрігерлермен кеңесіңіз.

 

Авторы: Медина Рахмедулла 

Фото: ашық дереккөзден

 

Total
49
Shares
Previous Post

Бойдың өсуі неге тәуелді?

Next Post

Ыдысты оңай тазалау тәсілдері