Тәрелкедегі проблемалар: неге тәттіге, ащыға немесе майлы асқа құмартамыз?

Зиянды тамақтардан бас тартып күнделікті ас мәзіріңізді мұқият бақылап жүріп, бір сәтте бәріне қол сілтеген кезіңіз болды ма? Аяқ астынан тәттіге, ащыға тағамға немесе майлы асқа құмартудың сыры ішкі күйімізге тікелей байланысты. Олай болса, тағамдар арқылы көңіл-күйімізді басқаруды доғарып, ішкі дүниеміз арқылы жейтін асымызды жөндеуді үйренейік.

Торт пен печенье

Тәтті торт, пирог, печенье жегіңіз келсе, өзіңізді сенімсіз, қолайсыз және жайсыз сезінесіз деген сөз. Әдетте қыздар тәттіні жағымсыз эмоцияларды ұмыту үшін жейді. Сізде бұл әдет балалық шағыңыздан бастап қалыптасқан болуы мүмкін. Себебі, ата-аналар баланы жылауын тоқтату үшін тәттімен алдап үйретіп қояды. Тәтті жегіңіз келген кезде сіз әлемге «Мені тез арада құшақтау керек», – деп айтқандай боласыз.

Қытырлақ нәрсе

Егер бірнәрсеге ренжіп, көңіліңіз қалған болса, қытырлақ нәрсеге құмартуыңыз мүмкін. Чипсы, попкорн немесе крекер қытырлатып шайнау арқылы күйзелістен арылуға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда ашуыңызды қытырлаған тамақтан аласыз деген сөз.

Балмұздақ

Сүттен жасалған тәтті тағамдар, әсіресе балмұздақты – өзіңізді бір нәрсеге кінәлі сезінгенде, уайымдағанда немесе қобалжығанда қалайсыз. Сүттің құрамындағы холин ағзаны тыныштандыруға көмектеседі. Оның үстіне балмұздақтың құрамындағы қант көңіл-күйіңізді көтеруге әсер етеді.

Ащы тағам

Ащы тағамдарға жиі құмарту – сіздің өміріңіз іш пыстырарлық, бірыңғай дегенді білдіреді. Сізге ерекше сезімдер мен жаңа нәрселер жетіспейді. Ащы тағам арқылы ағзаңыздың қалауын жабуға тырысасыз.

Шоколад

Шоколад – көбінесе қыздар тоқ болса да, бас тарта алмайтын тағам. Сірә, шоколадты жақсы көрмейтін қыз жоқ шығар. Мұның мәні, шоколадтың махаббат гармондарын бөлуінде. Қыздар романтикалық сезімді бастан кешіруді қалағанда, сүйікті болуды, ғашық болуды армандағанда шоколад жейді. Шоколадпен өздерін жалғыздықтан құтқаруға тырысады.

Total
20
Shares
Previous Post

Жаңа жылда өзгерісті неден бастаймын?

Next Post

Жас аналарға не сыйлауға болады?