Бойдың өсуі неге тәуелді?

Сұңғақ бой, түзу дене… Әрине, ол барлығының арманы. Ал, бойымыз аласа болса, өсіру үшін талпынып жататыным рас. Алдымен, оның қысқа болуына не себеп екенін анықтап көрейік.

Генетика- бойға әсер етеді. Бойдың өлшемі бірінші кезекте генетикаға тәуелді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бойдың өсуі сіздің тегіңізге 60-80 пайыз байласты екен. Себебі, ата- анасының бойы қысқа болып, ұзын бойлы баланың туылуы өте сирек кездескен.

Егер, бойыңызды өсіргіңіз келсе, бірінші кезекте оның өсуін тежейтін жағдайларды біліп алыңыз. Әуелі, есірткілік заттар мен алкогольді ішімдіктер бой өсуінің басты жауы болып табылады. Сондай-ақ, дұрыс емес тамақтанудың салдарынан болуы мүмкін. Ғалымдар ұсынған кесте бойынша сіздің бой өлшеміңіздің қанша сантиметр болу керектігін болжап көрейік.

 Әкеңіз бен анаңыздың бойын қосыңыз.

 Одан шыққан санға ұл болсаңыз 13 см қосыңыз, ал қыз болсаңыз 13 см

алып тастаңыз.

 Ол санды екіге бөліңіз.

 Шыққан сан сіздің бойыңыздың негізгі өлшемі. (10 см айырма болуы

мүмкін).

Дұрыс тамақтану

Ағзаның тамақтануын дұрыс баланста ұстау керек. Әдетте, салмағы көп адамдардың бойы арық кісілерге қарағанда қысқалау болатынын байқаған боларсыз? Ендеше, қалай пайдалы әрі дұрыс тамақтануға болады?

Ол үшін тағамның құрамындағы заттарға мән беріңіз. Олардың бой өсуіне әсерін анықтап алыңыз. Мысалы, бой өсуіне не көмектеседі?

  • Белок. Құрамында белогы бар тағамдар мысалы: тауық еті, балық,

сүттен әзерленген тағамдарды көбірек жеңіз. Ол өз кезегінде сүйектің

қатаюуына және бұлшық еттердің дамуына жақсы әсер етеді.

  • Кальций. Ол қырыққабаттың, шпинаттың, сүттен жасалған

тағамдардың құрамында көп болады. Сүйектің мығым болуы үшін

кальций өте пайдалы

  • Мырыш. Ғалымдар бойдың дұрыс өспей қалуы ағзаға мырыштың

жетіспеушілігінен екенін айтады. Мырыш асқабақта, қозы етінде,

жержаңғақты және теңіз шаяндарының құрамында бар.

  • Д дәрумені. Баланың сүйек пен бұлшық етінің дамуына Д витамині

жақсы көмек болады. Осы дәруменнің жетіспеуінен бой өсуін

тежеуілдетіп, әсіресе жасөспірім қыздардың артық салмақ жинауына

әсер етеді. Д дәрумені балықтың және сауырауқұлақтың кейбір

түрлерінен табылады.

Спорт

Бойдың қалыпты өсуі үшін жасөспірім кезеңде физикалық тұрғыдан өте белсенді болу керек. Осы шақта, түрлі жаттығулармен әсіресе, бойды созатын тапсырмаларды орындау қажет. Күніне тыңғылықты түрде 30 минуттан кем дайындалмаңыз. Үй жағдайында жаттығумен айналысу қолайсыз болса спорт секциясына жазылған дұрыс. Содан кейін, көп серуендеу де пайдалы. Қайда жүретініңіз маңызды емес, бастысы таза ауада тыныстау.

Ұйқы.

Ұйқының қалыпты болуы да бой өлшеміне әсер етеді екен. Ағзамыз дәл біз ұйқыға кеткен кезде өседі. Сондықтан, әсіресе, жасы жиырмаға толмаған адамдар күніне 9-11сағат ұйықтаса пайдалы болмақ.

Total
1
Shares
Previous Post

Natoque Eget Quis Ante Nam Lorem Imperdiet

Next Post

Ұйқысыздықтан құтыл!