Ыдысты оңай тазалау тәсілдері

Газ пешіңізге май қатып, шәйнегіңіз дақтан көрінбей тұрса, оны тазалаудың жолын бізден оқып алыңыз. Көптеген үйдегі әйелдер ыдыстарды тазалау үшін түрлі химиялық қоспалар пайдаланып жатады. Көп күш жұмсамай- ақ, тазартудың кішігірім құпияларын ескере жүріңіз.

Мысалы, эмальді ыдыстың сыртын құрғақ қыша мен ас содасын қосу арқылы тазалауға болады.

Мұздатқышыңызды да ас содасының көмегімен тазартыңыз. Ол үшін екі стакан суға бір ас қасық соданы қосып араластырыңыз. Сол қоспамен тоңазытқыштың ішін сүртіп, артынан тағы құрғақ майлықпен тазалау керек. Ал, тоңазытқыштағы иісті жою үшін қара нанның немесе лимон тілімін, болмаса белсендірілген көміртегінің таблеткасын салып қоюға болады.

Газ плиталары мен тұткаларын тазарту үшін тіс щеткасы, мақта, мүсәтір спирті керек. Мақтаға мүсәтірді сеуіп дақтарды тазалаңыз, егер кетуі қиындаса щетканы пайдалануға болады.

Шәйнектердің ішін тазалау үшін ішіне су мен сірке суын араластырып қайнату керек. Оның шүмегіне қағаздан тығын жасап, бітеп қойып қайнатсаңыз нәтижесі жақсы болмақ.

Ескере жүріңіз: Тазалық жұмыстарын жүргізер кезде міндетті түрде қолыңызға арнайы қолғап киіп алыңыз!

Total
14
Shares
Previous Post

Ұйқысыздықтан құтыл!

Next Post

Жігіттерді өсімдікке теңеуге бола ма?