Жаңа жылда өзгерісті неден бастаймын?

Көпшілігіміз желтоқсан айында жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар құрып, мақсаттарымызды айқындай бастаймыз. Алайда мақсатты да дұрыс қоя білу керек. Осыған орай, өзіңізді бір жылда жақсы жаққа өзгертуге арналған армандарды құруға кеңес береміз.

№1 Міндетті түрде саяхатқа шығу

Осы жылы міндетті түрде өзіңізге қолайлы, үйреншікті зонадан шығып, өзге елге саяхат жасаңыз. Әлемнің әдемілігін көріп, жаңа адамдармен, сізге бейтаныс мәдениетпен танысып өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Оқиғалар мен адамдарға басқаша қарайтын болсаңыз, өмірден шабыт алып, жаңа эксперименттерге дайын боласыз. 

№2 Өмірлік махаббатыңызды табыңыз

Махаббатыңызды табу біреуге махаббат сыйлау дегенді білдіреді. Жүрегіңіздің жартысын әлі кездестірмеген болсаңыз, әлемге мейірім мен жылулық таратудан, жақындарыңызға қамқор болудан шаршамаңыз. Ата-анаңызға, бауырларыңыз, жақын достарыңызға сыйлық беруді әдетке айналдырыңыз. Махаббат беру арқылы ғана махаббат табасыз.

№3 Гармония табу

Заманауи қоғамда әйел адамдарға қойылатын талап өте жоғары. Бір сәтте бойжеткен, келіншек және әйел рөлін алып жүруге тура келеді. Өзіңізден, табиғатыңыздан қышап кете алмайсыз, сондықтан ішкі гармония орнатуға тура келеді. Кезең-кезеңімен жеке демалуды, өзіңізге күтім жасауды, сүйікті ісіңізді табуды көздеңіз. Өмірде барлық жағынан үлгеру үшін – гармонияда болу маңызды.

№4 Сырт келбетіңізбен жұмыс жасау

Әрбір арудың сырт келбеті, ажары – өзіне сенімділік сыйлайтын басты қаруы. Қазір интернетте, Instagram-да жаттығу жасауды, кеудені тік ұстауды, салмақ тастауды, бетке күтім жасауды, бетке жаттығу жасауды, шаш күтімі тағы да сол сияқты спикерлер мен жаттықтырушылар көп. Арнайы мамандар мен әуесқой адамдар практикада нәтижеге жетуге көмектесуге дайын. Сондықтан қыздар, осы жылы өзіңіздің сырт келбетіңізді қолға алыңыз.

№5 Табысты көбейту

Сіздің ойлау жүйеңіз – табатын табысыңызға тікелей әсер етеді. Ақшаны табуды, жинауды, сақтауды емес, оны жұмсаудан рахат ала біліңіз. Өзіңізге келгенде ақшаны үнемдеп, қалағаныңыздан бас тартуды биылдап бастап доғарыңыз. Ақшаны келіп-кетіп отыратын ағын су деп біліп, жұмсауды бастаңыз. Еңбектеніңіз, жаңа табыс көзін іздеңіз, жаңа заманауи мамандықтарды игеріп көріңіз. Өзіңіге табыскер, бизнесвумен, ақшаның магниті ретінде қабылдаңыз.

№6 Өнер мен мәдениетке жол ашу

Ешқашан білім – артық болмайды. Дәл осы жылғы жоспарларыңызға өзіңіз тұратын қаладағы «музейге, театрға, операға, концертке, поэзия кешіне барамын» деп жазыңыз.  Осылайша, өміріңіз жан-жақты әр түрлі түске боялады. Сурет салу, құмыра жасау, тіпті дәмді десерттер дайындаудан мастер-класстарға барып көріңіз. Өмірді мамандығыз бойынша тек бір салада сүруге болмайды, оны түрлендіру керек.

Total
12
Shares
Previous Post

Ынғайсыз сұрақтарға қалай жауап беру керек?

Next Post

Тәрелкедегі проблемалар: неге тәттіге, ащыға немесе майлы асқа құмартамыз?