Жігіттер менімен таныспайды. Не істеу керек?

Неге кейбір қыздармен метрода, таксиде, көшеде, спортзалда, кафеде жігіттер танысуға ұсыныс жиі жасайды. Ал кейбір қыздарды тіпті байқамайды. Неге екенін анықтап көрейік!

Сыртқы келбеттің күтімі

Мойындайық, жігіттер көзбен жақсы көреді. Олар алдымен нағыз аңшы секілді құрбанын сырттай зерттейді. Қыздар не істеу керек? Әрине, шашыңыз таза, киіміңіз ұқыпты, маникюр және аздап болсын бетіңізді бояу болған дұрыс. Сондай-ақ, дене бітіміңіздің де әдемі болуын қадағалаңыз. Ең бастысы, өзіңізге жарасатын киім киіп, арқаңызды тік ұстап, жүрісіңізді қалыпқа келтіріңіз.

Жабық, ашушаң болмау

Сыртқы келбетің қанша сымбатты болса да қабағыңызды түйіп жүрсеңіз, сізге ешкім жақындай қоймас. Жігіттер ашық, жимиып жүретін, нәзік қыздарға құмар. Себебі, бұндай қыздардың танысудан бас тартқанының өзі жақсы әсер қалдырады.

Өзіңізден бастаңыз

Егер сіз іштей ер адамдарды сыйламайтын, бағаламайтын, оларды алдайтын, қу, тек жамандық пен проблема әкелетін адам ретінде көрсеңіз, ойыңызды өзгертіңіз. Іштей қаламай тұрғаныңыз, сырттай орындала қоймас. Өміріңізді сізді ренжіткен ер адам болса, оны кешіріңіз.

Сонымен, жігіттер танысуға құмар қыздың әдеттері:

  1. Міндетті түрде сыртты келбетіңізбен жұмыс жасаңыз. Арнайы стилиспен ақылдасып, дене бітіміздің артықшылықтарын көрсететін киім үлгісін таңдаңыз. Боянуды үйрететін курстарға қатысыңыз. Ең бастысы теріңізге, шашыңызға, жалпы өзіңізді күтуден, қамқор болудан шаршамаңыз.
  2. Өзіңізді сүйіңіз. Спортпен айналысыңыз. Өзіңізге аптасына бір күн көңіл бөліп, хош иісті ванна қабылдап, массаж қабылдаңыз.
  3. Өткен өміріңіздегі қателіктермен жұмыс жасаңыз. Оларды ұмытып, кешіріп, болашаққа қарау керек. Өзіңіздің қолыңыздан келмесе, арнайы психологқа барудан ұялмаңыз.
  4. Ашық, көңілді болыңыз. Үнемі күліп жүріңіз. Есіңізде болсын: «Сен күлімдесең, әлем саған күлімдейді».
  5. Таксиде, отырыстарда, спортзалда тіпті кез-келген жерде танысудан бас тартпаңыз. Бақытыңыздың қай жерде күтіп тұрғанын сіз білмейсіз ғой.
  6. Жігіттермен сөйлесіңіз. Мейлі ол кім болсын, бірінші рет көріп тұрсыз ба, соңғы рет көріп тұрсыз ба, маңызды емес. Ең бастысы – тәжірибе.
  7. Жігіттерге сенуді үйреніңіз. Кез келген адамның бойынан жақсы қасиеттерді көруге тырысыңыз.
Total
3
Shares
Previous Post

Іштегі майдан арылудың жолдары

Next Post

Айнұр Жүгінісова: “Бірден өзгеріп, кимешек кию оңай болмады”