Жас аналарға не сыйлауға болады?

Әрбір арудың өмірі дүниеге сәбиі келгеннен кейін түбегейлі өзгерері сөзсіз. Сондықтан жас анаға барынша қолайлы жағдай жасайтын, босанғаннан кейін өз-өзіне келуге көмектесетін сыйлық сыйлаған дұрыс. Олай болса, жас анаға сыйласаңыз, өкіндірмейтін ең тиімді заттарды тізімімен таныс болыңыз.

  1. Кенгуру сөмке

Жас ана үшін баламен уақыт өткізу қиындыққа соқпас үшін кенгуру-сөмке сыйлаңыз. Баланың сөмкесі – үй жұмыстарын істегенде, көшеге шыққанда, дәрігер қабылдауына баруға ең ынғайлы нұсқа. Анасы да нәрестені көтеріп шаршамайды, баласы да анасынан ажырамайды.

  • Емізуге арналған жастық

Бәрімізге белгілі, тұңғыш рет ана атанған кезде қыздар баланы қалай емізуді де білмейді. Сондықтан жас ананың өзіне де, нәрестеге де ынғайлы болу үшін, арнайы жастық сыйлаған дұрыс. Әсіресе, белі ауыратын, баласы бірыңғай ана сүтімен тамақтанатын аналарға таптырмас сыйлық болып табылады.

  • Ауаны жұмсартқыш аппарат

Үйге жаңа сәби келгенде есік-терезені қымтап, баланы суық пен желден сақтайтынымыз анық. Алайда, ауаны уақытылы тазартып, төлмені желдетуді ұмытпау керек. Осы әлемге жаңа келген бөбекке ынғайлы болу үшін ауаны жұмсартқыш аппарат сыйлаңыз.

  • Бала күтімі, бала тәрбиесі туралы кітап

Қолына жаңа туған нәрестесін алып, өмірі түбегейлі өзгерген жас анаға ең бастысы жақсы кеңес керек. Сондықтан, кез-келген сұрақтарға жауап алуға қолайлы болсын десеңіз, бала күтімі, тәрбиесі, жас ананың күтімі туралы кітап сыйлаңыз.

  • Массажға, СПА-орталыққа жолдама

Жас анаға ең бастысы демалыс мен жүйкенің тыныштығы керек. Түні бойы балаға қарап, күні бойы үй тіршілігімен босамайтын жас аналарға демалыс ұйымдастырып беріңіз. Сүйікті орталығына сертификат алып беріп, балаға қарау жауапкершілігін өзіңізге алыңыз. Бұл ең керемет сыйлық болмақ!

Total
0
Shares
Previous Post

Тәрелкедегі проблемалар: неге тәттіге, ащыға немесе майлы асқа құмартамыз?

Next Post

Қандай бейне көрдіңіз? (Психологиялық тест)