ТОП-5: Сәннен шықпайтын киім

Трендтер үнемі өзгеріске ұшырайды, ал “қымбат” заттарыңыз өзіңізде қалады. Әрине, мәңгі өзектілігін сақтамаса да, ондаған жылдар бойы құндылығын жоғалтпайтын заттар болады. Бүгін біз сіздермен сол киімдерге тоқталамыз.

1. Водолазкалар

Жылтыры мен өрнек аз, сәл созылғыш киім кез келген көйлектер, шалбар, пиджактар және барлық киімдермен тамаша үйлесімділік табады.

2. Джинсы шалбар

Отыруға да ыңғайлы классикалық джинсы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Ал сіз қай түрін жиі таңдайсыз? Жейде мен аяқ киім өзгерсе де джинс шалбар өзгермейді.


3. Ботильондар

Бүгінгі таңда бұл каблук өзінің ұзындығымен танымал. Мұндай форма, тіпті өкшесінің биіктігі екі сантиметр болса да, аяқты визуалды түрде ұзартады. Ендіші кезекте ашық түсті батильонды жиірек таңдай беріңіз, себебі олар трендте және ерекше стилді көрінеді.

4. Көлемді свитер

Көлемді свитер – бұл свитер өз мезгілінде жылы және стильді болады. Қысты күні оны еш қысылмай кие аласыз. Мысалы, кафеде отқанда сырт киіміңізді шешіп, свитермен отыруға болады.

5. Екі өңірлі пальто

Екі өңірлі ілгек түймелер параллельді түрде орналасқан. Бұл модельді кэжуал-образдармен, сондай-ақ, классикамен киюге болады. Кез келген детальға ол “интеллигенттілік” сипаттамасын береді.

 

Total
1
Shares
Previous Post

“Напалеон” тортын дайындаудың оңай әдісі

Next Post

Етеккір циклі туралы не білеміз?