Психолог кеңесі: Жайлы аймақтан құтқаратын 3 қадам

Біздің сүйікті оқырмандарға #Ozgeris хэштегімен отбасылық кәсіби психолог, халықаралық дәрежеде куәландырылған практик-псхолог, тренер Мөлдір Болатқызының пайдалы һәм қызықты посттарын ұсынып отыратын боламыз. Өзіңізді мазалап жүрген сұрақты сіз де бізге жаза аласыз. 

Мөлдір Болатқызы: Сізді жәйлі ортадан шығармайтын (зона комфортадан) собатаждан құтылу практикасын бөлісейін, ендеше қалам қойын дәптеріңізді алып практиканы жасауға дәл қазір кірісіңіз.

Ішкі саботаждың түрлері:

1. Өзгерісті күнде ертеңге қалдырып, барлық жақсылық пен өзгеріс өзі келеді деп, қолын жағына тосып отыратын адамның образы.

2. Сіздің өзіндік бағалауыңызға әсер етуші қолыңыздан келмейтінін айтып,” Мен- мендігіңізді” түсіріп жүретін артыңыздан шам жағып, қуалап, мін іздеп жүретін жағымсыз адамның образы.

3. “Сенің тәжірибең жоқ” деп, не бастасаңда күмән келтіріп отыратын пессимист, қорқақ адамның образы. Тәжірибесі жоқ адам, тәжірибе жинауды әйтеуір бір бастамаса, ТӘЖІРИБЕ қайдан келеді?


Онымен күресу керек!

Саботажбен күресу үшін, саботажды нағыз себептен ажырата біліңіз. Сіздің арықтағыңыз келеді делік, сіз бүгіннен бастап арықтамасаңыз, 5 жылдан кейін салмағыңыз неше болмақ? Адам жасы ұлғайған сайын, салмағы да өсетіні мәлім.

Бүгінгі жалақысы аз жұмысты ауыстырғыңыз келеді, ауыстырмасаңыз 5 жылдан кейін жағдайыңыз қандай болады?

Жас даяшы қызбен жұмыс ауыстырмаған 50 жастағы даяшы әйелдің бейнесін елестетіп көріңіз. Өте көңілсіз емес пе? Ендеше алдыға жылжу үшін жүгіру қажет. Бір орында тұрмау үшін алдыға жүру керек. Ал бір орында тұрып қалсаң артқа кетесің.

Ендігі қадам қандай болмақ?

1 қадам: Елестетіңіз ЕГЕР қазір жағдайыңызды өзгертпесеңіз, өміріңіз 5 жылдан соң қандай болмақ?

2 қадам: Енді қойын дәптеріңізді алып, қаламыңызды алып, жәйлі ортадан шығып, саботажыңызды жеңіп, мақсатыңызға жеткен сәтіңізді елестетіп жазыңыз.

5 жылдан кейінгі өміріңіз қандай? Қандай күйдесіз? Сізде не бар? Қандай жетістіктерге жеттіңіз?

Осының барлығын толық жазыңыз! Одан кейін әрекетке көшіңіз. Ал, біз келесі жазбамызды қандай әрекеттер болуы керектігіне тоқталамыз. 

Total
4
Shares
Previous Post

Бибігүл Төлеуова: “Менің маңызды жобам – шәкірттерімді қайырымдылыққа, еріктілер жұмысына тарту”

Next Post

Друидтер жорамалының сыры: мен қандай ағашпын?