Мөлдір Болатқызы, психолог: “Балаға қол көтеру неге алып келерін біліп жүріңіз!”

Біздің сүйікті оқырмандарға #Ozgeris хэштегімен отбасылық кәсіби психолог, халықаралық дәрежеде куәландырылған практик-псхолог, тренер Мөлдір Болатқызының пайдалы һәм қызықты посттарын ұсынып отыратын боламыз. Өзіңізді мазалап жүрген сұрақты сіз де бізге жаза аласыз. 

Мөлдір Болатқызы: “Ата-аналар бала тәрбиесінің қай әдісі қолайлы екені туралы әсте ойламайды. Көп ата-ана баласы “бұзақылықты” бұлай қайталамасын деген мақсатпен баланы қорқыту және өздеріне эмоционалдық әлсіздік, яғни сыртқа шығару сияқты жолмен проблеманы шешеміз дегп баланы ұрып,соғады.

Жазалау шарасы – өмірдегі немесе қызметтегі ата-ананың сәтсіздіктері, өз бастарынан өткен тіпті бала кезіндегі келеңсіздіктер әсеріне байланысты болады. Әдетте мұндай жазалау аяқастынан, жарқ еткен найзағайдай не үшін екені белгісіз болады. Осылайша сіз баланы белсенді, еркін болу қабілетінен айырасыз.

Өйткені өзін ұратынын білетінін бала, қандай да бір шаруаны бастағанда, “жұдырықтың астында қалмау үшін, осы жерден тоқтайын” деген үреймен тұрады. Осыдан кейін ыншық, тәуекелге бармайтын, бастаған ісін аяғына жеткізбейтін бала болып өскенде таң қаламыз…  “Кімге тартқан?”, “Не әсер еткен?” деген сұрақтар мазалай бастайды.

Ал, шын мәнінде бұл бала кезінде сіздің жіберген қателігіңіз. Себебі балаға еркіндік пен тәуекелге бару үйретілмеген. Балаңыз еркін және айналасындағылармен қарым-қатынасы түзу болсын, өмірге позитивті көзқараспен қарасын, өзін және өзгелерді құрметтей білсін десеңіз, балаға қол көтермеңіз.

Бала басқаларға да қол көтеру, дөрекілік арқылы ғана түсіндіруге болады деген түсінікті қалыптастырады. Өзі таяқ жеп өскен бала , кейін әке, ана атанғанғанда міндетті түрде сол модельді қайталап, көп пайызы жазалаудың осы тәсілін пайдаланатын болады, өйткені басқаша шешуді білмейді.

Сол үшін мейлінше сабырлы болуға тырысыңыз. Өзіңіздің балалық шағыңызды еске алып көріңізші, ата-анаңыз қол көтеретін ба еді?

Фото: Ашық дереккөзден алынды

 

Total
17
Shares
Previous Post

ТЕСТ: Ненің етін жақсы көресіз?

Next Post

Балаңызды күніне неше рет құшақтайсыз?