Бақытты болудың 10 заңы

Кез-келген бойжеткен өзінің сүйіктісінің босағасын аттағанда, «бақытты етемін деп бару керек» дегенді жиі естіп жүрміз. Әйткенменде, берекелі өмірді жастар бірге құру керек. Ол үшін төмендегі қағидаларды да ескере жүргініңіз абзал.

 

1. Ұқсастық заңы. Біз қашанда өзімізде жоқ нәрсені іздейміз. Сыңарымызданда соны талап етеміз. Дегенмен, «шын ғашықтар белгісі бір-біріне қарау емес. Екеуі бір нүктеге қарауы» екенін естен шығармау керек.

2. Қайтарым заңы. Біз не берсек, соны аламыз! Сол себепті, сіздің серігіңіз сізге қандай көзқарас танытса, сізде оны бағалауға тырысып сол дәрежеде құрмет көрсетіңіз.

3. Махаббат заңы. Біз барлығымыз махаббатқа құштармыз. Махаббат-нәзіктік, қамқорлық, жауапкершілік, үміт,қызғаныш сынды қасиеттерден тұрады. Және, осы сияқты қасиеттерді біз өзіміз тіземіз. Тізімізің қанша ұзақ болса, соншалықты қымбат.

4. Сөз құдіреті. Айтылған сөздердің қаншалықты үлкен мәнге ие екенін ескеріңіз. Өзіңіз сөйлегенде мұқият болыңыз.  Әшкерелеу, балағаттау адамдарды бір-бірінен салқындатады. Себебі, әр адам жанының бір жерінде сәби көңіл өмір сүреді. Сөз құдіретін жағымды, еркелету тәсіліндегі сөздермен сезініңіз.

5. Сенімділік заңы. Екі адамның сенімділігі жұбайлық өмірдің басты заңы. Оларда бұл қасиет болмаса, толыққанды отбасына жатқызу мүмкін емес. Қызғаныштың орынсыз болуы жалғыздыққа, өзіне деген құрметтің жоғалуына алып келеді. Бірге  ғұмыр кешіп жүріп сүйіктіңіздің жалғыздықты сезінуіне мүмкіндік бермеңіз.

6. Адалдық заңы. Әдетте адамдар теңін тауып табысқанда толық қанды бақытты болдым, бітті деп ойлайды. Дегенмен, махаббат «жылжымайтын» мүлік емес. Ол өседі, гүлденеді немесе бықсып сөнеді. Оның гүлденуі біздің оған деген күтімімізге байланысты. Әсем гүл ашуы үшін сізде «таза сумен» сауару керек!

7. Махаббатты түйсіну мен берілу заңы. Егер махаббатқа қолыңызды жеткізгіңіз келсе, өзіңізді тарту етіңіз. Қанша көп болса, сондай махаббат аласыз. Ол бумеранг секілді, сізге міндетті түрде қайта айналып соғады.

8. Жанасу заңы. Қиындықта қасында екенін білдіру үшін, оның қолын қыссаңызда жеткілікті. Жай ғана адал көңілмен оның жанынан кетпейтініңізді ұғындырыңыз.

9. Бостандық заңы. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне еркіндік беріп, пікірлерімен санасуы шарт. Әркімнің жеке шаруалары болатынын ескеру қажет. Даналық бізге былай дейді: «Біреуге қаншалықты үлкен еркіндік берсең, ол соншалықты бізге жақындай түседі».

10. Әркімнің ойындағы бақын сан түрлі. Демек, оның ережелері де сан алуан болса керек-ті. Сондықтан, 10 бөлімді СІЗ қосып көріңіз. Мархаббат…

Фото: ашық дереккөзден

Total
13
Shares
Previous Post

ЖІГІТТЕРДІ ӨСІМДІККЕ ТЕҢЕУГЕ БОЛА МА?

Next Post

Айтуға болмайтын 4 тіркес!