Пластикалық операция жасауға асықпа!

Пластикалық операция жасауға асықпаудың 3 себебі. Хирургтың алдына бармас бұрын әрбір ару ойлану керек тақырыптар бар. Сондықтан операция жасауды жоспарлап жүрсеңіз, алдымен мән беру керек нәрселер туралы оқыңыз.

Тым ерте жас

Жасөспірім кезде қыздар келбеттерінен мін көріп, комплекс пайда бола бастайды. «Мұрным тым үлкен», «аяғым қисық», «өатты семізбін», «төсім кішкентай», – деп уайымдаған кезең өзіңізде де болған шығар. Бұндай көңіл толмайтын тұстартың тізімін шексіз жалғастыруға болады, дәл осы себептермен жас қыздар хирургтың алдына келеді. Осындай сәттерге хирург психологқа айналуы тиіс. Себебі, біз өзімізде өмір бойы бірдей деңгейде қабылдамаймыз. Ал жасөспірім кезең – максимализм пен перфекционизм шағы. Сондықтан, кейде пластикалық операцияға келген жас қызбен жай ғана сөйлесіп, сымбаты туралы қате пікірде екенін түсіндіру керек.

Заманауи сұранысқа сай болу

Егер қыз-келіншектер бір рет пластикалық операция жасағаннан кейін, хирургтың алдына жиі келуді бастаса, бұндай аруларға психологтың көмегі керек. Инстаграмдағы эффектілермен, фотошоппен жасалған суреттерге ұқсағысы келу – әрбір қыздың арманы. Тіпті осындай құралдарды тым көп пайдалану арқылы өзіңнің шынайы келбетінді қабылдай алмауын мүмкін. Сондықтан, пластикалық операция жасап, «қуыршақ» қызға айналу жоспары заманауи әлеуметтік желілердің кесіренен екенін уақытылы байқаңыз.

Пластикалық операциядан тым көп нәрсе күту

Қыздар операция жасаса, бірден сұлу болып кетемін деп ойлайды. Алдын-ала хирургпен жақсылап тұрып сқйлесудің маңызы да осында. Шынында, кейде қыздар пластикалық операциядан тым көп нәрсе күтеді. Мінсіз болып кетемін деп ойлайды. Алайда, оның бәрі – жалған. Сіз ешқашанда өзіңізге 100% ұнап кетпейсіз. Жөндейтін, тағы да дұрыстайтын нәрсе ылғи да табылады. Сондықтан, хирургқа емес психологқа барып емделіңіз.

Total
21
Shares
Previous Post

Айнұр Жүгінісова: “Бірден өзгеріп, кимешек кию оңай болмады”

Next Post

Атпен серуендеудің 5 пайдасы