Бақытты отбасы – қоғам қазынасы

Соңғы жылдары әйел құқығы туралы мәселелер жиі көтеріліп жүр. Оған елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық көретін, ердің қолынан мерт болатын әйелдердің көптігі де сеп болып отыр. Дегенмен мемлекет бұл мәселеге бей-жай қарамақ емес. Ол тұрғыда Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығыда түрлі жобаларды қолға алған.

Осы негізде мақсатында ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан Республикасының Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-IV Заңына сәйкес аудан көлеміндегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасын ұйымдастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегіп, дағдарысқа ұшыраған жәбірленушілерге әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және теологиялық кеңес беру жұмыстарын үйлестіріп келеді.

 

Жобаны жүзеге асыру мақсатында  облыс әкімінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы аудан, қалалық «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі»  секторы тікелей жұмыс жасап келеді.

Аталған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өңірімізде «Бақытты отбасы» жобасын аясында жүзеге асырудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын негізге ала отырып, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, 2020 жылғы       қаңтар-маусым айлары аралығында «Әлеуметтік-психологиялық  сүйемелдеу қызметі» секторының мамандары әртүрлі жастағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында аудан, қала бойынша 915 психологиялық кеңес, 564 әлеуметтік кеңес, 813 құқықтық кеңес, оның ішінде 260 жастар және «Отбасы құндылықтарын насихаттау»,  «Отбасы бақыт мекені», «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз», «Отбасына   бейбітшілік – зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Бақытты отбасы» тақырыптарында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып,  1153  отбасы  қамтылған.  Сондай-ақ, жоба аясында «Неке және жарасымды жанұя», «Отбасы – алтын тұғырың» тақырыптарында аудан, қала бойынша онлайн сұқбаттар мен семинар-тренинг тұрақты ұйымдастырылып жатыр.

Алдағы уақытта, бекітілген жоспарға сәйкес аудан, қала бойынша отбасылық сағаттарды нығайту және ажырасу санын азайту  мақсатында «Отбасы – алтын тұғырың», «Құт дарыған отбасы», «Отбасы құндылықтары», «Жас отбасы, оның ерекшеліктері», «Берекелі шаңырақ» тақырыптарында семинар-тренинг, дөңгелек үстел, кездесу, апталық акция және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен профилактикалық жұмыстар атқару жоспарлануда. Сонымен бірге өңіріміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа түскен отбасыларға мекен-жай бойынша психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету де жалғасын таба бермек.

Өйткені мұның барлығы дерлік біздегі зорлық-зомбылықтан қорлық көретін әйелдер санының азаюына, берекелі отбасында өсетін балалардың келешегіне дұрыс әсер ететіні ақиқат.

 

 

Total
1
Shares
Previous Post

Стилист кеңесі: Үйдегі үлгі қандай?

Next Post

Рая Серікбайқызы: “Қоғамның жаңа келбетін жасауға ұстаздар да араласуы керек”