«Әлемді сандар билейді»: Нумерология туралы не білесіз?

Нумерология деген не?

Нумерология – адамға, оның мінез-құлқына, өмірінде болып жатқан құбылыстарға сандардың жағымды немесе жағымсыз ықпал ете алатыны жайындағы мистикалық наным. Дәлірек айтсақ, сандардың сіздің өміріңізге, мінезіңізге, тағдырыңызға, болашағыңыз бен айналадағы болып жатқан жәйттарға әсері.

Нумерология тарихы

Бұл – өте көне ғылым. Нумерологияның нақты шыққан уақыты белгісіз, алайда көне вавилондықтар мен шумерліктер бұл туралы білген. Белгілі ғалым Пифагор да өз заманында нумерологияның жаңа нұсқасын ойлап тапқан. Ол негізін салған нумерология бағыты қазір батыс елдерінде танымал. Философ б.з.д 6 ғасырда бірнеше тілдің математикалық жүйесін біріктіре отырып құрастырған. Көне грек ойшылы «әлемді сандар билейді» деген екен.

Нумерологияның заманауи бағыттары

Қазіргі таңда нумерологияның бірнеше бағыты бар. Мысалы: туған күн нумерологиясы, Пифагордың сандар философиясы, үнді нумерологиясы, денсаулық нумерологиясы т.с.с. Тіпті, есіміңіздің де сізден жасырған нумерологиялық сыры бар болуы мүмкін. Одан бөлек нумерологтар сізге сәттілік әкелетін қаржылық кодыңыз да шығарып бере алады.

Сандарға байланысты наным-сенімдер

Халық арасында кейбір сандарға қатысты қалыптасқан жағымды немесе жағымсыз көзқарастар бар. Мысалы, көпшілік үшін 13 саны қауіп әкеледі. Орыстар 13-ті «бақытсыздыққа» балап, бұл күні тағдырынан жақсылық күтуге болмайды десе, ағылшындар той жасамайды, автобус, поезд, ұшақ, автокөлікпен жолға шықпайды. Байқасаңызды батыстың кейбір елдерінде қонақ үйде 13-ші бөлме жоқ, сондай-ақ ұшақтарда 13 нөмірлі орын сатылмайды.

7 не үшін киелі сан?

7 – әр түрлі ұлттардың ұғымында қалыптасқан киелі сан. Осы ерекше сан әлемнің барша халқы үшін белгілі маңызға ие болған. «Құдай әлемді жеті күнде жаратты». Дүниежүзілік тарихта жеті санына байланысты әр халықтардың аңыздары көп. Мысырлықтар үшін өмірді, көне гректер үшін шығармашылықты, исламда жеті пайғамбар, Кағба тасын жеті рет айналу, жеті күнә сияқты ұғымдары ескерілсе, христиандық діни ұғымда жеті саны аяқталғанды, толыққандылықты білдіреді.

Total
10
Shares
Previous Post

Нағыз әйел «сүйем» деп қалай айтады?

Next Post

Жүктілік кезеңін жеңілдететін 5 кеңес