15 тамызға арналған нумерологиялық болжам

Соңғы уақытта нумерологтарға деген сұраныс пен қызығушылық артып келеді. Осыны ескерген ikerim.kz сайтында сіздер үшін, танымал нумеролог Құралай Бақытқызы күн сайын қызықты ақпараттар мен болжамдар ұсынады. 

15 тамыз: Күн саны – 8. 

Бұл күні әдемі сөйлеу керек, дауыс көтеруге болмайды. Әйтпесе арты үлкен дауға өршуі мүмкін. Эмоцияны бақылауда ұстаңыз. Ыдыс-аяқ, алтын, әшекей заттар алуға күн жақсы. Үйде интерьерді ауыстыруға сәтті күн. Тіл үйренуге қабілет ашылатын күн. Бизнес пен саудаға күннің энергиясы жағымды. Өт жолдарымен проблема туындамау үшін майлыны шектеп, көбірек салат жеңіз.

Күннің аффирмациясы: Мен мақсатымды айқын көремін. Арманға жету жолында кез келген қиындыққа төтеп беремін! 

Insta: numerolog.88

Фото: pixabay.com

 

 

Total
8
Shares
Previous Post

ТЕСТ: Ғашықтық жырларын жатқа білесіз бе?

Next Post

Жар таңдауда 5 қасиетіне қара