“Өзімді өзгерткім келеді”: Психолог не дейді?

Оқырман сауалы: “Өмірімді жақсарту үшін фитнеске барып, арықтағым келіп, дұрыс тамақтанып немесе өзімді тұлғалық дамыту үшін кітап оқи бастасам бір нәрсе табылып, бас тартуыңызға тура келетін үнемі сондай жәйттар болады? Бұл проблеммама айналды, барлық мәселе басымда екенін түсінетін сияқтымын, кеңес бере аласыз ба?”


Оқырман сауалына отбасылық кәсіби психолог, халықаралық дәрежеде куәландырылған практик-псхолог, тренер Мөлдір Болатқызы жауап береді. 

Mөлдір Болатқызы: Сізге мың сылтау тауып беріп жүрген ол – саботаж. “Бүгін жата тұр, ертеңнен бастайсың” деп түрлі “ақылды” мың сылтаулар тауып, ақша, уақыт, тағы басқаға да байланысты сол сияқты сылтаулары таусылмайды…

Ал, оның “Саботаж” екенін қалай білуге болады? Шынайы себеппен саботаждың айырмашылығын қалай анықтаймыз? Саботаж қалай жұмыс жасайды?

Қандай да бір істі бастайтын кезде ауырып қаласыз, тамағыныз ұстап қалады, психосоматика жұмыс жасайды, кез келген трансформация ауыртып келеді. Миымыз организмді қорғайды, жаңа нәрсе артық энергияны қажет ететіндіктен, энергияны сақтап қалғысы келеді.

Сіздің жағдайыңызға кеңістікте жұмыс жасай бастайды. мысалы көліктің сынуы, аяқ асты қонақ келу сондай кеңістікте көбейе бастайды.

Қаржылық қиындықтар болады, өзгеріске жіберетін ақшаны, басқа жаққа жіберуге сылтау тауып береді. Өзгеріс болмау үшін және жайлы ортадан шықпас үшін.

Сол үшін жайлы орта – жайлы орта. Жәйлі ортада тұрақтылық бар, ал өзгерісте тұрақсыздық және не болатыны белгісіз. Егер жәйлі ортада қала берсеңіз ешқашан басқа жақта не бар екенін білмейтін боласыз. Жәйлі ортада қанша қиын болса да, қиын өмір сүрсеңіз де, сол жағдайға етіңіз үйреніп, сол тордың ішінде қалып өмір сүруді әдеттегідей өмір сүруді жалғастыра бересіз”.

Total
18
Shares
Previous Post

Сүйісу жайлы сіз білмеген қызықтар

Next Post

“Напалеон” тортын дайындаудың оңай әдісі