Тұрмысқа шыққанға дейін жігітке қойылуы керек 5 сұрақ

«Осылайша олар ұзақ әрі бақытты өмір сүрді», – деп аяқталатын ертегілерді қыздардың ұнататыны анық. Алайда, мәңгілік махаббатпен бақытты жұбайлық өмірге оңай қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, отбасын құрмас бұрын күйеу жігітіңізге міндетті түрде қою керек сұрақтарды біліп алыңыз.

Өмірлік мақсаттарыңыз сәйкес келе ма?

Жігіттің ұсынысына «иә» – деп жауап бермес бұрын, дәл осы жанмен өмірге көзқарастарыңыз, болашаққа деген армандарыңыз ұқсас па біліңіз. Қарапайым, болашақ отбасыңызды қалай елестетесіз, проблемаларды кім және қалай шешеді, ақшаны кім табады және оны қалай жұмсаймыз, ата-ана, достарымызбен қандай қарым-қатынаста боламыз, бала тәрбиесімен кім айналысады т.с.с. мәселелерді міндетті түрде талқылаңыздар.

Некеден не күтесіз?

Әрине, өмірдің тосынсыйларын алдын-ала білу мүмкін емес. Алайда, бір-біріңізге сай келесіздер ме, жоқ па, соны болжауға болады. Әркім некеден әр түрлі нәрсе күтеді. Бірақ, өз қалаулары туралы ашып айтпайды.

Болашақ жарыңызбен барлық травмаларыңыз бен жағымсыз естеліктеріңізді бөлісіңіз. Нені қалайсыз, нені қалайсыз, ашып айтыңыз. Қызғаныш пен сенім, ашу мен ыза барлық тақырып неке туралы куәлікке қол қоймас бұрын айтылуы керек.

Бір-біріңіздің жақсы ғана емес, жаман тұстарыңызды көруге дайынсыздар ма?

Біздің миымызда жаман нәрсені ғана көру, оны жөндеу, бетке басып айту қалыптасып қалған. Сондықтан, адамның бәр жаман қасиетін көрген кезде барлық жақсылығын ұмытып кететін әдетіміз бар. Бұл әдеттің қарым-қатынастағы әсері қандай?

Мінсіз адам болмайды. Сондықтан жігітпен танысқан күннен бастап, өзіңізді керемет қылып көрсете бермей, кемщіліктеріңізбен де таныстырған жөн. Одан кейін барып өзіңізге «Мен де оның кемшіліктерін қабылдауға дайынмын ба?» – деп сұрақ қойыңыз. Егер бір-біріңізді толықтай қабылдауға дайын болсаңыздар – жақсы, ал дайын емес болсаңыздар – үйленуге асықпаған дұрыс.

Тұрмыстық өмірдің қиыншылықтарына бірге қарсы тұруға дайынсыздар ма?

Отбасылық өмір – бал емес. Барлық жұптар жақындау немесе салқындау кезеңдерінен өтеді. Бұған түрлі тұрмыстық проблемалар, ауыр оқиғалар, жақындарынан айырылу немесе дүниеге сәбидің келуі де әсер етуі мүмкін.

Егер жарыңыз арадағы мәселелені шешуге тырысып, талқылап, мәселенің одан әрі ушықпауына күш салып, әрекет етсе – жолыңыздың болғаны. Себебі, кейбір жігіттер балалыққа салынып, көзге көрінбейтін мәселені қолмен шешуден бас тартады. Бір сөзбен айтқанда, әңгімеден қашып, өзге жаннан жұбаныш іздейді.

Бос уақытты қалай өткізесіздер?

Әрбір адамның жеке шекарасы бар. Отбасында қаншалықты «біз біргеміз» – дегенмен, жеке тұлға ретіндегі қалауларымызды ұмытпағанымыз дұрыс. Әйел де, еркек те өз бос уақытын өзіне арнағысы келсе – қате емес. Өзіңіздің жеке демалысыңызды жоспарлап, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен, тіпті жұбайыңыздан демалыс алыңыз. Ал келесі демалысты міндетті түрде отбасыңызбен өткізіңіз.

Total
39
Shares
Previous Post

Жүктілік кезеңін жеңілдететін 5 кеңес

Next Post

Социопат деген кім?