Әйелдер неліктен аяғына көрпе қыстырып ұйықтайды?

Ұйқы – бұл адамның ерекшілігін, оның әдеттері мен мінез-құлқын анықтауға көмектесетін ерекше механизм. Әйелдердің көпшілігі аяқтарының арасын көрпе қойып ұйықтағанды жөн көреді. Сіз де солай ұйықтайсыз ба? Мұның себебі не екенін анықтауға тырысып көрдіңіз бе?

Психологтардың айтуынша, бұл әйелдердің физиологиялық құрылымымен және психологиялық жағдайымен байланысты екен.

Аналық инстинкт

Әр қыз баласы дүниеге келген кезден бастап-ақ табиғи түрде олардың сәбиге деген қамқорлық сезімі болады. Бұл тек әйелге ғана тән! Әйел адам баланың тыныштығын бақылып, оны бұзбау үшін өзі де мұқият болуға тырысады екен. Осы кезде ол ішкі тыныштық пен жайлылықты сезіну үшін аяқтарының арасына көрпе қыстырып ұйықтайды.

Махаббат сезінгісі келеді

Бұл әдеттің тағы бір психологиялық түсіндірмесі – әйелдің қасында ер адамды сезінгісі келуі мүмкін. Яғни бейсаналы түрде ер жігіттің бар екенін сезініп, қорғаныс пен қамқорлықты іздейді. Ал егер әйел ер адаммен бір төсекте ұйықтаса, серігін сезіну үшін аяғын оған тигізіп ұйықтауы әбден мүмкін.

Әйелдің жамбас құрылымына байланысты

Әйелдің физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни әйел жамбас мүшелерінің бірегейлігіне байланысты. Әйелдердің жамбас сүйектері бір-біріне тиіп кетпейтін етіп жасалған. Ал көрпе қыстыру «өткір» тізе мен сүйектің батуын азайтады.

Температураны реттеуші

Әйел аяқтары жанасқан кезде дене температурасы көтеріледі, бұл терлеуді және жалпы ыңғайсыздықты тудырады. Осындай жағымсыз сезімдерден аулақ болу үшін, көрпе «көмекші» болып қызмет етеді.

Total
0
Shares
Previous Post

Нумеролог желтоқсан айына болжам жасады

Next Post

Ерлерді тітіркендіретін әйелдің шаш үлгілері