Ажырасқан еркектің ақылы

Үйлену оңай, үй болу қиын. Ал, қиындыққа төтеп бере алмасаңыз, ең оңай жолы екіге айырылып кете бару. Дегенмен бұлай жеңілдің астымен өте шығу ешкімге абырой алып бермейді. Сол себепті, ажырасқан еркектің кеңесіне назар салыңызшы. Әлеуметтік желілерде пайда болған бұл материал көпшілік талқысына түскен еді. Өз сөзін: «Әлбетте, мен қарым – қатынас
сарапшысы емеспін, бірақ тәжірибем бар. Ажырасу ойлануыма әсер етті, мен 16 жыл бірге болған әйелімді жоғалтттым, енді оны қайталағым келмейді» -деп бастады Джеральд Роджерс.Ол өзінің осы 16 жылда жіберген қателіктерін теріп көрген екен.

1. Оған қамқорлық танытуды тоқтатпаңыз!
Жігіттердің бірінші қателігі алғышқы кезде көрсететін құрмет, қамқорлығын аралары жақындаған сайын азайта түседі. Әйеліңіз өміріңіздің құнды қазынасы! Ол туралы ұмытуға болмайды. Оны еркелетіп, мейірімге бөлеуден қашпаңызшы!?

2. Өз жүрегіңізді қорғаңыз.
Өзіңіздің жүрегіңізді өзге сұлуға ауып кетпеуін қадалағаңыз! Кез келген ару сүйгенінің жүрегінде жалғыз өзі болғанын қалайды. Сол үшін сіз еркек ретінде жарыңыздың да, өзіңіздің де жүрегіңізді жат көздерден сақтауға міндетті екенсіз.

3. Қайтадан ғашық болыңыз! Қайтадан және қайтадан…
Біз адамдар өзгеріске түсіп отырамыз, мысалы бес жыл бұрын сіз мүлде бөлек ойлайтынсыз, басқаша ұғынатынсыз. Ал қазір тіптен өзге. Әрине, бастапқы кездегі сезім, үйленгендеріңізге бес жыл болғанда да сол күйінде қалады деп айту қиын. Сол үшін серігіңізден жаңалық тауып ғашық бола түсіңіз. Танысқаныңызға бір апта болғандағыдай ғашықтықты сөндірмеңізші!?

4. Оны өзгертуге тырыспаңыз!
Ол сіздің жұмысыңыз емес. Сіздің жұмыс-оны сүю. Сіз қаттырақ сүйген сайын, әйелдер өздері-ақ сіз қалағандай болып өзгереді.

5. Оны кінәлі санамаңыз!
Ерлер жұмыстан шаршап келсе де, ашуланып келсе де тіпті қандайда бір сәтсіздігінің өшін әйелден алуға құмар. Оны жоғарыңыз! Өз ісіңізге өзіңіз жауап беріңіз! Әйелдер күйеулерінің мазасы болмаса, өзінің қажеттілігінен бас тартады. Неге ол сіздің жұмыста әріптесіңізбен сөзге келгеніңіз үшін, туылған күнге бармай қалуы керек!?

6. Әйеліңіз өмір сүрсін!
Біздерге тым еркіндікте ұнамайды, тым қаспақта болғанда жағымсыз! Дәл балансты ұстап тұрсаңыз, сіздің басыңызды бақыттан айналдыратын әйелдер!

7. Шыншыл болыңыз!
Бір рет алдаған адамнан өзіңіз де үнемі күдіктеніп тұратын шығарсыз? Сондай күдіктенуден оны да сақтаңыз! Ал, ол тікелей сіздің шыншылдығыңызға байланысты! Тек ол шындықты масаң күйде айтпаңыз.

 

Фото: pixabay.com

 

Total
26
Shares
Previous Post

Ақшалы болу үшін…

Next Post

Сауалнама: Ер адамның асханаға араласуы дұрыс па?