Асқазандағы ауырлық сезімнен қалай құтылуға болады?

Асқазандағы ауырлық сезімі көптеген адамдарда жиі кездеседі. Кандай да бір емді қабылдамас бұрын себеп салдарын анықтап алған дұрыс. Ауырлық сезімі, жүрек айну, асқазандағы ауырсыну сезімі мынадай жағдайларда кездеседі:


✅ Стресстік жағдайлар;
✅ Көп тамақтану;
✅ Майлы тағамдарды күнделікті қолдану;
✅ Дұрыс тамақтанбау;
✅ Асқазан ішек жолдарының функционалды бұзылысы;
✅ Асқазан ішек жолдарының ауруларында-гастритте, асқазан он екі елі ішек ойық жарасында, холециститте, пануреатитте, гепатитте, бауыр циррозында болуы мүмкін.


Егер де сізде күнделікті асқазан маңында ауырсыну сезімі, тамақтан кейінгі ауырлық сезімі және жүрек айну симптомдары болса сізде гастриттің немесе асқазан он екі елі ішек ойық жара ауруының бастамасы болуы мүмкін, ол үшін сізге Фгдс, құрсақ қуысының УЗИі, Нр хеликобактер пилориге кан анализін тапсыруыныз қажет және гастроэнтеролог маманына қаралыңыз
Медикаменттерді қолдана отырып, қатаң диетаны да сақтаңыз
Асқазанның сілемейлі қабатын тітіркендіретін кофе, фаст фуд, кока кола, газдалған сусын сынды тағамдардан аулақ болыңыз, жиі 2-2,5 сағат сайын аз аздан тамақтаныңыз және тағам жылы болсын
Асқазандағы ауырлық сезімінде симптоматикалық ем болып
?Антацидті препараттар (Алмагель,Маалокс)
? Протон помпасының ингибиторы (Омез,пантопрозол)
?Спазмолитиктер (но шпа,дротаверин)
?Ферменттер (мезим форте,панкреатин,креон) т.б қолданылады

Дәрігер-терапевт Әйгерім Маратова

Ikerim.kz

Total
1
Shares
Previous Post

Сұлулықтың 7 құпиясы

Next Post

Психолог кеңесі: Өзіңді бағалауды арттырудың 6 тәсілі