Адамдардың өмірден ұтылатын 4 қатесі

«Бұрын мен: Кезі келгенде барлығы өзгереді деп үміттенетінмін. Ал, кейін ол үшін бір ғана жол бар екенін түсіндім. Ол мен барлығын өзім өзгертуім керек!»- бұл Американың фермерлер қалашығында дүние келіп, әлемге танылған, бизнес-оқытушы, бірнеше психологиялық кітаптардың авторы Джим Ронның сөзі. Өміріңіздің, тіпті тіршілік жасап жүрген қоғамыңыздың өзгеруі бәлкім сізге тәуелді шығар?! Ендеше, бүгінгі күніңізге күпірлік жасап, кінәні өзгеден іздеуді доғарыңыз!

Әдемі өмірді өздері қалыптастырған жұлдызы жоғары жандардың өмірінен өнеге алыңыз!

Брайан Трейси- бизнес жолында ең көп жетістіктерге жеткен дүлділ. Байлыққа жетудің тілін үйретер бірнеше кітаптарды да тәжірибесіне сүйене отырып жазған ол сізге: «Сіздің керемет миыңыз сізді жоқшылықтан байлыққа жеткізіп, жалғыз жүрген адамнан көптің сүйікті көзайымына айналдырып, деппрессиядан шығып бақытты қыла алады. Егер оны дұрыс пайдалана білсеңіз»- деген кеңес айтады.

Джек Ма- «Али- Баба» деп аталатын әлемге танымал, жоғары табысты интернет бизнес тобының негізін құрған. Адам 35 жасында кедей болса, демек ол соған лайықты деп есептейтін бизнесмен адамдардың өмірден ұтылатын төрт қатесін тізеді. «Біріншісі, мұрнының үстіндегіні көрмейді. Мүмкіндікті байқамайды. Екіншіден, мүмкіндікті лайықты бағаламайды. Үшіншіден, мүмкіндікті түсіне білмейді.  Төртіншіден, тез қимылдай білмейді».

Осы сықылды жетістіктің шыңын бағындырған жігерлі жандар жетерлік. Ендеше, сізде өз миыңызды іске қосып, төрт қателіктен сақтаныңыз!

Total
1
Shares
Previous Post

НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМЫ: 5 ТАМЫЗ – отбасы құруға сәтті күн

Next Post

Тест: Кадр арқылы отандық кинолардың атауын табыңыз