2022 жылға пайдалы 30 әдеттер

Өміріңізді өзгерту үшін тау қопарудың немесе жақсы нәрсені бастау үшін дүйсенбіні күтудің керегі жоқ. Небәрі, қарапайым әдеттерді қолға алу арқылы күнделікті өміріңізді энергия мен махаббатқа толы өткізе аласыз. Ал көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуы, бүкіл өміріңізге әсер етеді. Жаңа әдетті қалыптастырудағы ең басты қағида – тұрақтылық.

2022 жылы бойыңызға сіңіретін пайдалы әдеттер тізімін ұсынамыз:

  1. Позитивті энергиямен толығу үшін, таңертең күліп ояну;
  2. Күнде таңертең әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрып, өзіңізге көңіл бөліңіз;
  3. Таңертең бір стакан су ішіңіз;
  4. Таңертең контрастты душ қабылдаңыз;
  5. Үйден әдеттегіден 15 минутқа ерте шығыңыз: кешігулер аз болса, стресс те аз болады;
  6. Лифт пен экскалатордан бас тартыңыз, баспалдақпен жүру – пайдалы;
  7. Кеудеңізді көтеріп, арқаңызды тік ұстаңыз;
  8. Көбірек тұрыңыз және жүріңіз: тіпті офиста әр 45 минут сайын орныңыздан тұрып, жүріп қайтыңыз;
  9. Жұмыста Pomodoro техникасын қолданыңыз. Бұл дегеніміз 25 минут зейінді басқа ешқайда аудармай жұмыс жасап, 5 минут алаңсыз демалу;
  10. Кешке кем дегенде жарты сағат серуендеңіз;
  11. Ас мәзірінен фаст-фуд пен басқа да зиянды тамақтарды алып тастаңыз;
  12. Күніне кем дегенде 2 литр таза және газсыз су ішіңіз;
  13. Күніне 25 бет жақсы кітап оқыңыз;
  14. Басқа адамдарға комплемент айтып үйреніңіз;
  15. Күніне 10 шетелдік сөз жаттаңыз;
  16. Шоппингқа аш және көңілсіз болып бармаңыз, әйтпесе қажетсіз сауда жасап қоюыңыз мүмкін;
  17. Өзге адамдар үшін ойланудың қажеті жоқ; жай ғана қысқа әңгімелесудің өзі біраз нәрсені шешеді;
  18. Сынаудан, өсек айтудан және өкпеңізді төгуден аулақ болыңыз;
  19. Аптасына кем дегенде бір рет ата-анаңыз бен алыс достарыңызға хабарласыңыз;
  20. Жақсы музыка тыңдаңыз, әсіресе үй жинап жүргенде жақсы музыка тыңдаңыз;
  21. Жаңа нәрсеге ашық болыңыз. Әр аптаға жаңа эксперимент жоспарлаңыз: жаңа кино, ерекше хобби, басқа елдің асханасынан тағам.
  22.  Қаржылай сауаттылыққа үйреніңіз;
  23. Күн сайын кешке 15 минутыңызды келесі күнді жоспарлауға арнаңыз;
  24. Келесі күні киетін киіміңізді алдын-ала дайындаңыз;
  25. Күнделік арнап күндіз жеткен жетістіктеріңізді, шүкірлік жазуды ұмытпаңыз;
  26. Бетіңіздегі макияжды толықтай жумай жатпаңыз;
  27. Ұйықтар алдында бөлмедегі ауаны тазартыңыз. Салқын бөлмеде ұйықтаңыз;
  28. Ұйқыңызды қандырыңыз. Ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз;
  29. Әлеуметтік желіде отыру уақытыңызды азайтыңыз;
  30. Жағымсыз жаңалықтар мен негативті пікірлерді, видеоларды көруді доғарыңыз.
Total
1
Shares
Previous Post

Социопат деген кім?

Next Post

Жеке шекара деген не?