Әйелден кететін қателіктер

Екі ойдың жетегінде жүрген ерлер мен әйелдер жеткілікті. Олардың қарым-қатынасының дұрыс дамымауына не кедергі? Танымал психолог Анна Иотко әйелдер жіберетін 7 қателікті тізіп берген. Оқып көріңіз, сізде осы тұста ұтылған боларсыз!

 

1. Көп үйретесіз!
Ең үлкен қателік әйелдердің көп сөйлейтіндігі және бос сөйлемей, ерін “оқытып” отыратыны. «Мен білемін», «Қалай дұрыс екенін сен білмейсің…» – дегендей толып жатқан «білгірлік». Тіпті, рульде отырып қателік жіберген еріңізді үйге жеткенше сөгуге барсыз! Ақыл айтуды тоқтату керек!

2. Біржақтылық
Ер адам үшін сұлулар бәріне үлгеруі керек. Отбасында әйел адам басшылықты қолына алып жауапкершілік жүктелсе, өзінің нәзіктігін ұмытып кетеді. Осы тұста әсемдікке құштар жігітіңіз басқа жаққа бұрылып кетуі мүмкін. 50/50 қағидасы бойынша қылығыңыз бен тірлігіңіз сай келсін.

3. Арыстандай айбат шегу
Сүйіктіңіз бір қателік жіберсе, «қашанғы осылай етесің?» -деп өткенін қозғамаңыз. Бір рет дауыс көтергесін, оның жалғасы мүндетті түрде болады. Осы себепті алдын алыңыз. Өзіңіздің жағдайыңызға оны жауапты етіп үйреніңіз!

4. Бақытты ажырата алмайсыз
Сүйгені мен балалары жанында бола тұра демалыс қалайтын әйелдер болады. Әрине, өзіңізге уақыт табыңыз, бірақ оны дұрыс түсіндіре біліңіз. «Шаршадым», «жалықтым» деген сөздерді ұмытыңыз.

5. Балаларыңызға мейірім беріңіз
Кішкентайларды еркелетіңіз, жылулық төгіңіз. Балалар оны сезінуі тиіс. Ол арқылы жұбайыңызда сіздің әрдайым оларға «Күндей» қажет екеніңізді ұғынады.

6. Еріңізді сөйлетіңіз.
Ер адамның тілі тәтті болу керек. Бірақ, оны сіз үйретесіз! Олар мақсаттарын жоспарлағанмен, әйелдерімен бөлісе бермейді. Оған сенімді күшейте отырып, сырласына айналу әйелдің міндеті. Қолдауыңызды аямаңыз!

7. Өз сұлулығыңызды жарыңызға арнаңыз.
Көпшілік әйелдер көшеге шықпай тұрып, екі сағатын айнаның алдында өткізеді. Ондағы мақсаты өзінің емес, өзгенің күйеуін сұлулығына тамсандыру. Жаныңыздағы жарыңыз үшін әрленіңіз. Оны «үйде», «жанымда» деген оймен ысырып тастамаңыз!

Фото: pixabay.com

Total
0
Shares
Previous Post

Сіз мұны істесеңіз, бақытты жан болғаныңыз

Next Post

Ақшалы болу үшін…