Орамалды қыз, шектелме!

Күллі ғаламды жаратқан иеміздің жаратылысының ішіндегі ең сұлуы – әйелдер қауымы.

Дана халқымыз әйел адамның тәрбиесіне де ерекше мән берген. Дегенмен, қазіргі таңда біл үрдіс жоғалып бара жатқандай…
Кезінде әжелеріміз басындағы орамалын шешіп соғысты тоқтатса, қазір орамал тақса соғыс басталады!

Шариғатты айтпағанда, мүмкін орамалды аруларымыздың қоғамнан шектелуіне бұл да себеп шығар. Орамал – бұл бізге берілген бақыт! Сол орамал шәлісін оранған аруда бақытты болуы тиіс. Байқағаным, орамалды аруларымыздың көпшілігі өздерін тек Исламмен шектеп жатады. Әрине, ислам бірінші орында бірақ исламмен өзіңізге ұнайтын саланы тең ұстап, халыққа жеткізе алсаңыз ол тіптен керемет! Өсіп келе жатқан бойжеткендер сізге қарап, орамалмен жүріп те осы саламен айналысуға болады екен деген тұжырымға келуі де ғажап емес.
Мысалыға,  күннен-күнге дамып жатқан интернет – блогерлерді алайық. Олардың арасында орамалды аруларымыздыңда саны артып келеді. Әркім өзіңе ұнайтын іспен айналысып, ақша тауып, отбасына да үлгі болып жүрген жандар. Олардың ішінде: тамақ жасау, саяхат, бет күтімі, журналистика, киім тігу, видео жасау, дизайнер, суретшілер. Айта берсең жетеді. Бұл жандарда шариғат шәлісін оранғандар бірақ болашағы үшін еңбек етіп жүрген арулар. Сіздерге ешкім экран алдына шығуға үгіттемейді жай өзіңіз болашағыңыз үшін ізденіп, дамығаныңыз дұрыс. Ізденініз, саяхаттаңыз, тілдерді меңгеріңіз ең бастысы өзіңізге шектеу қоймаңыз!

Себебі сіз болашақ анасыз! Ал ана деген жан – жақты балаларына берері көп, таусылмас білім иесі болуы керек. Есіңізде сақтаңыз шектеулер тек қана сіздің миыңызда ғана. Мүмкін емес нәрсе жоқ.

Орамалды қыз – Ақкүн

Total
31
Shares
Previous Post

Сен, ұрығыңды жарытпай, ұрпақ қамын айтпашы!

Next Post

Көз алдымда көз жұмды…