Үйде жұмыс істеуге өзіңді қалай шабыттандыруға болады?

Соңғы уақытта карантинге байланысты көптеген компаниялар қызметкерлерін онлайн жұмыс жасауға жіберді. Офисте отырып үйреніп қалғандарға үйден жұмыс істеу қиындық туғызары сөзсіз.

Фрилансер – оңай жұмыс істеу стилі емес. Жұмыстың тез орындалуын қадағалап отыратын бастық пен ой алмасатын ұжым жоқ кезде, өз-өзіңді жұмысқа шабыттандыру өте қиын. Мойындау керек, өзіңді басқару, қадағалау, өзіңнен нәтиже талап ету әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан фриланста жетістікке жету үшін бірнеше тиімді кеңестермен бөлісеміз.

  • Үйде өзіңізге арнап арнайы жұмыс орнын дайындаңыз. Қаржылай немесе эмоцияналды қиындықсыз-ақ үйдегі бір бұрышты уақытша жұмыс орнына айналдыруға болады. Кез келген үстелді жарық, ыңғайлы жерге қойып, үстіне тек жұмысқа керекті (ноутбук, қағаз, қаламсап, керек болса майшам) заттарды қойыңыз. Ең бастысы осы орынға отырған кезде жұмысқа барынша көңіл бөле алсаңыз болғаны.
  • Міндетті түрде жақындарыңызға ескертіңіз, сіз онлайн жұмыс жасап жатырсыз, бұл дегеніміз ештеңемен айналыспау немесе демалу дегенді білдірмейді. Сіздің бұрынғыдай орындау керек тапсырмаларыңыз бар, жай ғана оларды үйден орындап жібересіз.

Назарыңызды аударатын нәрселерден арылыңыз: теледидар, радио, подкаст, музыканы өшіріп тасатңыз. Кем дегенде сіз жұмыс жасайтын бөлмеде тыныштық орнауы керек.

Жұмыс кестесін құрыңыз. Жұмысты қайда істесіңіз де маңызды емес, арнайы жоспарды ұмытпаңыз. Демалуға, тамақтануға тіпті жаттығуға уақыт бөліңіз. Қажет болған жағдайда әрбір тапсырмаға дедлайн белгілеңіз. Ең бастысы жұмыс кестесі бойынша жұмыс істеңіз.

Егер үйде жұмыс істеу мүмкін болмаса, жақын жердегі дәмханалар мен коворкинг орталықтарына барыңыз. Коворкинг дегеніміз – арнайы бағасына жұмыс істеуге арналған орын сатып алуға болатын орын. Бұндай жерлерде жиналыс жасауға, сөйлесуге, демалуға арналған бөлек кабинеттер бар. Ал кофеханаларда тыныштықта жалғыз жұмыс істей алмауыңыз мүмкін, бірақ бөтен адамдар ортасында жұмысқа толық көңіл аудара аласыз.

Total
41
Shares
Previous Post

Біздің баюымызға не кедергі?

Next Post

Сенімсіздік және одан құтылу жолдары