Жаңа жылдық кешке арналған 5 шаш үлгісі

Аяқталған бейнені жасауда әрқашан шаш үлгісі ерекше орын алады. Егер, сіз 30 немесе 31 желтоқсанға алдын ала шаш салонына жазылуды жоспарлап отырсаңыз онда сізге сәттілік! Ал дайындықты бастамаған болсаңыз, біздің идеяларымыз бен кеңестерімізді, өз бетіңізше сәндесеңіз де болады.

Сіздің шашыңыз жаңа жылдық кеште барлық образдар сияқты көрікті болуы керек, бірақ, тым нәзік немесе оғаш болмай, мерекеде сізге жайсыздық тудырмайтындай болуы тиіс. Төмендегі біздің нұсқаларды қарап шықсаңыз болады:

Бұйра

Дымқыл шашқа мусс жағып, шашты тараңыз. Оны бигудиге, ірі немесе орташа диаметрлі стайлерге кептіріп, бұйралаңыз. Барлық бұйралар дайын болған кезде, сирек тістері бар тарақпен шашыңызды тарап шығыңыз.

Сәнді буу

Шашты фен және үлкен диаметрлі дөңгелек тарақпен құрғатыңыз. Оның үстіңгі жақ шаштарын өріп, астыңғы жағын жоғары көтеріңіз. Барлық шашты ортаға біріктіріп немесе шаштарды бөліп, бір-біріне бұраңыз. Мінсіз тегістеуге тырыспаңыз, шоғыр жылжымалы болсын. Еркін шоғырды алдын ала бұралған шашты жасауға болады, мысалы, фенмен-щеткамен. Ол жақсы сақталады және қызықты көрінеді.

Жоғары буу

Құрғақ шаштың тамырына көлемі мен ұзындығына қарай біркелкі етіп мусс жағыңыз және жоғары қаратып, фенмен кептіріңіз. Жіңішке тістері бар тарақпен жоғарыдан және желкеден тарап шығыңыз. Шашты астына жинап, резеңкемен бекітіңіз. Шаштарды бөліп, желке түбіне орап, көрінбейтін етіп бекітіңіз. Бетке бірнеше талшықтарын шығарыңыз.

Көлемді  шаш үлгісі

Сіз шашты бүйірге немесе артқа бұйралап та шаш үлгісін жасай аласыз. Ең бастысы, тығыз болмауы тиіс. Ол үшін өруді бастамас бұрын шашты сәндеңіз және көлемі үшін лакпен сүртіңіз, ал аяқтағанда, бастың бір жанына қарай қисайтып, көлемін беру үшін сәл созыңыз.

“Тәртіпсіз” талшықтар

Бұл шаш үлгісін жасау қысқа және орташа ұзындықтағы шаштар үшін қолайлы. Сүлгімен кептірілген шашқа көлемі үшін сәл мусс жағыңыз. Шашты жоғары көтеріп, фенмен кептіріңіз. Сіз феннің басын төмен түсіріп, жылы ауа ағысын жоғары қарай бағыттай аласыз. Жақсы әсер беріп, модельдеу үшін тікейтетін спрей пайдаланыңыз.

Кез келген үлгідегі шашты таңертеңге дейін ұстау үшін жақсы қатыру керек. Оған күшті қатыратын лактарды пайдаланыңыз. Айтпақшы, статистика бойынша, №1 шашқа арналған лактар – стайлинг құралы.

Total
0
Shares
Previous Post

Ерте оянуға көмектесетін 5 қарапайым жаттығу

Next Post

Жақыныңа сыйлар жақұт