“Адам өзі өзгермей, мен оны өзгертпеймін” деген Жаратушымыздың сөзі бар екен. Демек сіздің тағдырға лағнет айтып, күңіренгеніңіз босқа шаршау. Керісінше сызылған шеңберден аттап, өзіңізді табуға тырысу керек. бұл ойды ғалымдар мен қатар әрбір кәсіби психологтар мойындайды, қолдайды. Осы мақсатта қыз-келіншектердің сүйікті сайты Ikerim.kz білікті психолог, мотиватор Назгүл Беспаеваны коллумнист болуға шақырды. Ұсынысымызды қабыл алған Назгүл ханым алдағы уақытта сіздердің сұрақтарыңызға жауап беретін болады.
Біз әлеуметтік желіде Назгүл ханыммен бірлесе жұмыс істейтінімізді жаряилағалы толассыз хаттар легі ағылды. Біз бүгін көпшілікке ортақ және өте маңызды дейтін мәселеге тоқталғымыз келді. Ол – жайлы мекеннен қалай шығу керек?
Оған біздің Назгүл ханымның жауабын төменнен оқи аласыздар.
Nazgul_hanym: “Менің әр нәрсе қызығатын, ізденімпаз мінезімнің арқасында “Зона комфортадан” қалай шыққанымды білмей қалдым.
Үйде екі кішкентай баламен декретте отырсамда үй тірлігінен басқа, қыруар шаруаларым болатын. Біреуге ол маңызды емес. Ал, мен үшін өте маңызды. Міндетті түрде баруым керек, көруім керек нәрселер. Бала да, күйеу де, ене де оған кедергі келтіре алмайды. Өйткені, мен қатты қалап тұрмын. Әйтеуір амалын тауып, үйден шығып кететінмін. Мысалы, Сүйікті ақын-жазушылармен кездесу немесе бір мастер-класстарға бару, бір саламен қызығу, анда-мында барып, бір нәрселерді сұрастыру керек болады.
Ал “Менің өмірімді өзгертетін Күнделікті” шығарған соң, мүлде іскер, шаруам бастан асатын болып кетті. Күнделігімді ұстап алып ана танымал адаммен кездесем, мынамен кездесем, журналистермен сөйлестім. Радиоларға бардым, сөйтіп, ақырындап-ақырындап менде танымал адамдардың қатарынан бірақ шықтым.
Ең бастысы қатты ниет ету керек. “Кедей адамға ақша керек болса, бірден банкке барып, кредит алады немесе қарызға ақша алады. Ал, бай адам адамдардың қажеттіліктерін өтейтін өнім шығарады, оның құндылығын арттырып, нарық тудырады”,- демекші, мен сол бай адамдарша ойлайтындардың қатарынан болсам керек. Дәл солай кез келген адам жасай алады. Ол үшін шынайы ниет керек, “зона комфорттан шығайын, қимылдайын, ана бай, танымал адамдар текке, еріккеннен айтып жатпаған болар, ерте тұрайын, көбірек кітап оқып, білгенімді өмірде қолданайын. Адамзатқа өте қажет бір өнім ойлап тауып, инвестор, серіктес іздеп тауып, үлкен іс бастайын”,- деген ниет керек. Сол кезде бәрі де болады.
Сонымен, “зона комфорттан” шыққыңыз келсе, бірінші мынаны түсініп алыңыз!
- Сіздің күйеуіңіз және 2-3 балаңыз бар. Барлық қалауыңызға жетпесе де, соған да Аллаға шүкір дейін деп, өзіңізді басып тастайсыз. Қалаған уақытыңызда тұрасыз, тамағыңыз дайын, ешқайда асықпайсыз, өз әлеміңізде өзіңіз өмір сүріп жатырсыз. Енді адамдар әр түрлі болғандықтан, әр қайсыларыңызда өздеріңіздің зона комфорттарыңыз бар. Мысалы, үйреніп қалған жұмыс орны, үйреніп қалған адамдар т.б. Бұл – зона комфорт деп аталады.
Ал, енді сізге қазір шешім қабылдау керек! Осылай өмір сүрген ұнайды ма? Осы ақшаға да қанағат деп жүре бересіз бе? Сізді қоршаған адамдар қандай? Олар жетістікке жеткен, позитивті жандар ма? - “Әлде жоқ, менің мүмкіндігім бұдан да көп. Мен бұдан да үлкен жетістіктеріне жете аламын. Мен қазіргі жағдайыммен келіспеймін. Мен басқа да мүмкіндіктерді байқай білемін” деп ойлайсыз ба? Бұлай болса сіз бірінші қадамды жасап қойғансыз! Енді тек саналы түрнде шешім қабылдау керек!
Осыдан кейін ақырындап жайлы аймақтан шыға бастайсыз. Ең бірінші, қалаған уақытыңызда, ұйқыңыз қанғанда емес, біраз ертерек тұрып, 15-20 минут таза ауада серуендеңіз. Серуендеу барысында ешкімді, ешнәрсені ойламауға тырысыңыз. Тек өзіңіздің ішіңізге терең үңіліп, сұрақ қойыңыз. “Менің қолымнан не нәрсе жақсы келеді? Мені не қуантады? Маған не ұнайды?” деген сынды сұрақтарға жауап іздеп, оны сезініп көріңіз.
Тағы бір амал әлеуметтік желілер арқылы қай жерде қызықты кездесулер болып жатқанын біліңіз, сізге ұнаса барып қатысыңыз. Күніне 20 минут уақыт тауып, керемет мотивация беретін, қаржылық сауаттылықты арттыратын немесе психологиялық көмек болатын кітаптар оқи бастаңыз.
Сіздің мақсатыңыз – осы уақытқа дейін құрылған комфортты бұзу. Күн тәртібіңізге бұрын істемеген, білмеген, бірақ білгіңіз келетін, көргіңіз келетін нәрселерді қосыңыз. Кездескіңіз келетін адаммен кездесіңіз. Бұл жерде қай бағытта дамығыңыз келеді, нақты жоспар құрып алыңыз. Асығып, бірден бірнеше істі мойныңызға артып алмаңыз. Өйтсеңіз, миыңыз ол іс-әрекеттерге көп энергия кететінін сезіп, жалқауланып, сізді алға жүргізбейді. Алайда нағыз, сапалы, мол энергия қалаған ісіңді істеп болған соң келеді. Сізде де энергия көбейген сайын, мықты идеялар да көптеп туа бастайды. Ал, ендеше іске сәт!