Ақпан 26, 2020
Banner Content
Бөлісу

Жалбыздың дәрілік өсімдікке жататынын білетін боларсыздар?! Ал оның дәл нендей қасиеттері барын білгіңіз келсе, төменге қарай түсіңіз. 

Белгілі бір себептерден ішкі органдар ауырса, көз қызарып, іскенде, ерінге ұшық шыққанда, 10 грамм жалбызды суға қайнатып, күніне 2 рет ішеді.

Жас балаларға қызылша шығып, денесі қызғанда, жұтқыншақ қызып, ісінгенде, дауыс қарлыққанда, 3-4 г жалбызды қайнатып, суына аздап қант қосып ішуге болады.

Жас бөбектерге тұмау тиіп, денесі қызғанда, жас жалбыздан тиісті мөлшерде алып, суға қайнатып, бір метрдей көк түсті шүберекті жалбыз суына шылап баланы орап, қалыңдау жауып терлетеді. Бұдан кейін дене ыстығы біртіндеп қайтады.

Қызылша шығып, жөтелгенде, 3 г жалбызды, 6 г тұт ағашы жапырағын, 3 г қоңыраугүлді суға қайнатып ішеді.

Мұрыннан қан тоқтамағанда, жас жалбызды жаншып, суын шығарып, мұрынға тамызуға болады.

Құлақ ауырғанда, жас жалбызды жаншып, шыққан шырынын құлаққа тамызсаңыз, керемет ем.

Ем болсын!


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

20 − four =

kkKazakh
kkKazakh