Тамыз 22, 2019
Banner Top
Жұбыңызбен қарым-қатынасты реттейтін 7 әдіс

Кейде жұптар түсінісіп, мәселені шешудің орнына тілдесуді де қаламай, бір-бірінен алыстап кетеді. Ал мамандар оны кейінге қалдыруға емес, уақытылы шешуге кеңес береді. Сондай-ақ оның бірнеше жолын ұсынады:

1.Онсыз өзіңіз бірнәрсе жасап көріңіз

Қатынас нашарлай бастағанда адамдар бөлектеніп, жалғыз қалғандай сезінеді. Бірақ олай емес. Жеке кеңістік, жалғыз қалу ойлануға, түсінуге көп көмектеседі. Мұндайда шеберлік сағаттарына, үйірмелерге жазылыңыз. Хоббиыңызға көңіл бөліп, ұнататын нәрселермен айналысыңыз.

2.Бірге қыдыру, саяхаттау!

Бұл екеуіңізді жақындастырудың басты құралы. Тұрмыстық мәселелерден, жұмыстан, күйбең тірліктен бір сәт алыстап, екеуіңіз үшін маңызды дүниелерге көңіл бөлесіздер. Бірге саяхаттау, романтикалық кездесу ұйымдастыру – шын мәнінде бір-бірлеріңіз үшін жаралғандарыңызды ұғындыра түседі.

3.Жұмысты жұмыста қалдырыңыз

Кешкі ас үстінде почтаны тексеру, төсекте телефоныңызға шұқшиып, хат оқып, жауап беру де қатынасқа кері әсер етуі мүмкін. Үй мен жұмыстың дүниелерін араластырмауға тырысыңыз.

4.Бір-біріңізді тыңдаңыз

Бәрі сөйлей алады, бірақ тыңдау – бәріне беріле бермеген. Біріңіз сөйлесеңіз, екіншіңіз тыңдап, сөйлер алдында ыммен білдіру – ара қатынастың нәзік байланысы іспетті.

5.Жұбыңызға көбірек көңіл бөліңіз

Күнде біргесіздер, бірақ ұсақ-түйекпен жүріп бір-біріңізге мән бермей кетулеріңіз мүмкін. Тіпті, кейде сөйлеспеулеріңіз де мүмкін. Сондықтан себепсіз жылы сөз айтыңыз, құшақтаңыз, еркелетіңіз. Сонда не үшін екеуіңіздің көрші пәтерде емес, дәл осы шаңырақта бірге тұрып жатқандарыңыздың себебін түсінесіздер!

6.Ымыраға келіңіздер

Екеуіңізге бірдей ұнамаған тақырыпта ойдың бір жерде тоғыспайтыны да белгілі. Мұндайда әркімнің өз көзқарасына басымдық бергені және оны екінші жартысы құптағаны, түсіністік танытқаны жөн.

7.Кездесу ұйымдастырыңыз

Мәселеден құтылу не басын ашудың тиімді тәсілдерінің бірі – кездесуге шақыру. Тек екеуіңіз. Балаларсыз, достарсыз. Бұл – сырласуға, ішкі ойларыңызбен бөлісуге, кем-кетіктеріңізді де айтуға мүмкіндік береді.

Автор: Т. Бекмұрза

Фото:

Banner Content
Tags: , , , , , ,

0 Comments

Leave a Comment

eighteen − fifteen =