Қыз – өмірдің нұры, тағдырдың тарту еткен сыйы, әлемнің гүлі. Аруларымызды нәзік жанды дейтініміз де сондықтан. Бір адамның өмірін өзгертетін аяулы жар, ұрпақ тәрбиесін қолға алатын ардақты ана болу қыз баланың маңдайына жазылған тағдыры. Қыз баланың қай жерде болмасын сынға алатын тұсы – тәрбиесі.
Ал мен бүгінде нәзік жандылардың өз-өзін тәрбиелеуі үшін бірнеше кеңестерді ұсынбақшымын. Төмендегі 7 қасиетті оқып, өз бойыңыздан іздеп көріңіз.
✔Сыртқы келбет
Сұлулық әр қыз бала үшін маңызды дүние. Ешқашан өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, олар сіз сияқты бола алмайды, сіз өзінше әдемісіз. Жаратылысыңыз басқалардан ерек.
✔Дұрыс сөйлеп, сауатты жаза біліңіз
Сіздің сөзіңіз бен ойыңыз сіздің дәрежеңізді көрсетеді.
✔Ұстамдылық
Қыз қылығымен сүйкімді ғой, ұстамдылықты жоғары қойыңыз. Көркіңіз бен ақылыңыз сай болсын.
✔Бағалау
Өз-өзіңізді жақсы көріңіз, бағалаңыз. Сонда ғана өзгелер бағаңызды білетін болады.
✔Білімге ден қойыңыз
Жан-жақты болыңыз, пайдалы дүниелер қараңыз. Қызықты кітаптарды да оқуды естен шығармаңыз.
✔Күліп жүріңіз
Күлкі-дәрумен екен деп айғай салып күлудің қажеті жоқ. Қыздың жымиғаны да жетіп артылады. Сонда одан сайын жадырап кетесіз.
✔Жігіттің дүниесіне қызықпаңыз
Сізді бақытты ететін байлық емес, жігіттің нақ өзі. Бір күндік дүниені ойлап, қателікке бой алдырмаңыз.
Өмір дегеніміз – кешегі күн емес, бүгінгі күн. Кешегі уақыт бүгін қайта келмейді. Сондықтан бүгінмен өмір сүріңіз. Өткенге өкінбеңіз. Өміріңізді құпияға толы бір кітап деп қараңыз да, парағына нүкте қойып жауып қойыңыз. Ешқашан оралмаңыз. Бүгіннен ләззат алып, бақытты ғұмыр кешіңіз…
Авторы: Несібелі Бошан
Фото: pixabay.com