Тамыз 22, 2019
Banner Top
Сіз мұны істесеңіз, бақытты жан болғаныңыз

Денің сау болғанын қаласаң, міндетті түрде көптеген дәрумендер ішудің қажеті жоқ! Ақиқат – қарапайым нәрселерде. Мәселен теріні тазарту үшін ең жақсы «детокс» өнімдер жайлы білуің қажет.

Бүгін сізге денсаулығы мықты және бақытты адамдардың, таңертеңгі күн сайын жасайтын 10 рәсімі жайлы айтып береміз. Тезірек оқып алыңыз!

Ұйқысынан енді тұрған  аю секілді  немесе күннің алғашқы сәулелерімен ерте оянған құс сияқты тұрсаңыз да   –   сіздің қалай оянатыныңыз маңызды емес!  Таңертеңгілік бірнеше әдеттер сіздің денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, сіздің күніңіздің жақсы басталуын қамтамасыз етеді. Төменде өздерін күтетін адамдардың күн сайын таңертең жасайтын 10 істері көрсетілген.

 

  1. Оянғаннан кейін, олар бірден су ішеді.

 Оянғаннан кейін ішкен бір стақан жылы су ағзаңыздағы ылғал қорын толықтырады, ас қорыту жүйесі мен ағзадағы басқа процестерді бастайды. Стаканға жаңа сығылған лимон шырынын қосыңыз. Лимон қосылған су ағзаға токсиндерден тез арылдыруға, бүйректің денсаулығына тонус береді және оны түзеп көмектеседі.

  1. Оянғаннан кейін, олар бірден телефондарын тексермейді.

 Ұйқылы ояю пошта, инстаграм, фейсбукты тексеру, жаңалықтарды оқу әдеті сіздің денсаулығыңызға зиян тигізеді. Бұл сіздің миыңыз көтере алмайтын ақпараттармен санаңызды улайды. Ұйқыдан кейін кем дегенде бір сағат ұялы телефоныңызға жақындамаңыз. Осы уақыт ішінде ми барлық «күшін» оңтайландырып үлгереді, бұл сізді анық, сезімтал етіп, әрі барлық зейініңізді жаңа ақпараттарға дайындайды.

  1. Олар әрқашан алғыс айтады

Өмір бізге ұсынатын барлық нәрсеге ризашылық білдіру – бұл тек жақсы ойлауға ғана емес, сонымен қатар бүкіл күнге жақсы көңіл-күй сыйлаудың үлкен қадамы. Қазір  көзіңізді жұмып 10  рет дем алыңыз, көз алдыңызға өміріңізде болып жатқан жақсы заттарды елестетіңіз. Бұл трюк сіздің жаныңызда жүретін жағымсыз ойлардан арылуға көмектеседі.

4.Олар көп қимылдайды, әрі жаттығулар жасайды.

Созылу, билеу немесе жігерлі жаттығулар жасау маңызды емес. Таңертенгі кез келген жаттығу (немесе дене қозғалысы) жүз пайыз күні бойы сізді қуаттандыратыны бұрыннан дәлелденген.

 5. Олар маңызды жұмысты күндіз шешеді.

«Аптасына 4 сағат қалай жұмыс істеу керек» кітабының авторы Тимоти Феррис (Нью-Йорк Таймс газетінің жазуы бойынша) күн сайын маңызды міндеттердің бірін шешуге кеңес беріп, оны тезірек жасап тастайсыз деп үміттенеді.

  1. Олар таңғы асқа пайдалы тамақ жейді

Пайдалы таңғы ас сіздің метаболизміңізді тездетеді және денеңізді күн бойына жұмсайтын қажетті қуатпен қамтамасыз етеді. Қосылған талшықтары бар күрделі көмірсулар – сізге қажет нәрсе.

  1. Олар тілдерін тазартады.

Дұрыс, бәрі сіз ойлағаныңыздай. Тістеріңізді жуғанда тіл туралы ұмытпаңыз. Сіз таңертең жағымсыз иіс шығаратын микробтардан арылып қана қоймай, таңғы асқа жейтін тамақтың дәмін жақсартасыз.

  1. Олар сүйікті әуендерін тыңдайды.

Таңертен тыңдайтын бірнеше сүйікті әуен – таңертеңгілік көңіл-күйді көтереді және сол күнді сәтті өткізудің тағы бір керемет тәсілі болып табылады.

9. Олар әр таң сайын айнаға қарап өздеріне күлкі сыйлайды.

Бұл жаттығу көңіл-күйіңізді көтереді және өз-өзіңнің бағаңды жоғарылатудың тамаша тәсілі болып табылады. Өзіңізді бақытты сәтте айнада көру – соның кепілі. Күніңіз сәтті өтіп, барлық мақсаттарыңызға қол жеткізесіз.

 

Таңертеңгі қарапайым процедураларды орындау арқылы сіз өзіңіздің көңіл-күйіңіздің көтеріліп, денсаулығыңыздың, әл-ауқатыңыздың қалай  жақсарғанын сезінесіз! Өзіңіз үздіксіз істейтін қандай әдет бар? Бізбен бөлісіңіз… 

 

Banner Content
Tags: , , , , , , ,

0 Comments

Leave a Comment

four − 1 =