Өмірде әртүрлі жағдайлар кездесіп жатады. Қуаныш пен өкініштің қатар жүретіні де белгілі. Бірақ, соңғы кездері бақытты сезінген кездер азайып, «қайғы» артыңнан қалмай, мұңды сәттер көбейіп кеткен секілді көрінеді ме? Онда алғыс айту арқылы ол сәттерді естен кетпес бақытты күндерге айналдыр? «Қалай?» деймісің, біздің жазған әрбір пункті оқып шық.
Алғыс айту күнделігі дегеніміз не?
Алғыс айту күнделігі – бұл жеке күнделіктің бір түрі, қазір кең таралған десе де болады. Бір күндік басыңнан өткен жағдайларға алғысыңды жазып, шүкіршілік етіп, алда қойылған мақсаттарға бір табан болса да жақындау. Күнделікті психологиялық құрал – жабдық ретінде де қолданып, қоршаған әлемге басқаша көз – қарас танытудың бір жолы ретінде қарастырылады. Айтылғандай өміріңді өзгертіп, жақсылықты байғауға үйретеді.
Не үшін қажет?
Күнделіктің нағыз күші – депрессия кезінде сезіледі. Неге? Себебі, сол сәтте жақсылықты, жылы сөздерді, жаның жылу сөздерді қалап тұрады. Алғыс айту күнделігін бастаудың бірнеше себебі:
- Ұсақ – түйекке қуану
Барлығы бір ұсақ заттардан басталатыны белгілі. Сондықтан, іштегі ыңғайсыздықты кетіреді, әрі түсіністікпен қарауды үйренесіз.
- Оптимист болу
Өмірге шағым айта бастасаң, өзіңді тоқтату қиынға соғады. Бұл жағдай қайталана бергендіктен, ми қабыл алып, жаман күй бойыңды билеп, көзіңді жақсылықты көруден жауып тастайды. Алғыс айту арқылы көз – қарасыңды «қайта құруға» көмектеседі. Бірінші күндеру уақыт тауып жазып тұру қиындық соқтыруы мүмкін, дегенмен кейін автоматты түрде өмірдегі керемет дүниелерді жаза бергің келіп тұрады, әрі байқауда қиындық соқтыртпайды.
- Мақсатың айқындалып, өміріңнің өзгере бастауы
Өмірде жағымды жағдайлар аз болса, жақсы сәттерді іздеу үшін жағдайды өзгерту керек пе? Бірден бұл мүмкін емес, бірақ не ушін алғыс айтып жатқаныңды түсінсең, басқа себептерді іздегің келеді де тұрады.
- Өзіңді жоғары бағалау
Алғыс айту тәсілдерінің бірі мінезіңе немесе бет – әлпетіңе «Рахмет» айтудан тұрады.
Бұл күнделіктің сізді өзгертетін кішкене ғана бөлігі
Күнделікті жүргізу тәсілдері:
- Өз қолыңмен жазу
Жеке күнжеліктерге қарағанда, бұл алғыс күнделігін қолмен жүргізген дұрыс. Себебі, оңай, әрі көп жазуды да талап етпейді. Уақыт өте келе қолға қалам мен қағазды алғанда, ми не үшін алғыс айту керектігін ойлайтын болады.
- Бірінші 100 « рахмет»
Арнаған дәптер немесе блокнотты алып, бірінші минимум 100 «Рахмет» жазыңыз. Яғни осы күнге дейінгі болған, әрбір алғыс білдіреттін сәттерді тізіп жазыңыз. Бірнеше жылғы естеліктер болсын маңызды емес. Мүмкін құрбыңыз берген кітап болар, немесе сіз лайық болмаған мұғалімдердің қойған жоғары бағасы болсын.
Алғыс айту шектеуі
Күнделікке кірісер алдындағы 100 «Рахмет»-ті тізіп жазғанан кейін, күнделікті шектеу қою. Мүмкін, 20 «Рахмет». Қойған саныңыздан жоғары жазсаңыз жақсы, бірақ ол санан төмен болмауы керек.
Әрбір күн – «Рахмет» айтуға себеп
Әдет 21 күнде орын алатынын ескеріңіз, сондықтан әдетке айналғаншы күн сайын толтыру міндетті. Алғыс білдіру арқылы өз – өзіңізді жоғары бағалай бастайсыз, көңіл – күйде көтеріңкі жүреді. « Бүйрегімнің жазылып кеткеніне рахмет» немесе « Көңіл – күй көтеріңгі болғанына рахмет» екі жазба қатар кездесе де, екеуі де назарға лайықты. Жоғарыда жазылғандай бақыт – кішкентай заттардан құралады.
Болашаққа алғыс
Өмірде өткен немесе қазіргі сәтте болып жатқан нәрселермен шектеліп қалудың қажеті жоқ. Болашақты да ойлаңыз. Қалай жазу керек? Қалағаныңызша, мысалы, « Мен жұмысымды жасай отыра ләззат алатыныма рахмет» ( жұмысыңыз өзіңізге ұнамасада жазыңыз)
Алғысты барлығына айтуға болады
Ата – анаңа, досыңа, жаныңнан өткен өткінші кісіге де – алғыс айта аласың. Тағдырыңа да, тіпті өзіңе де алғыс айтып тұрған жөн. « Денсаулығым үшін рахмет».
Күнделікті оқып тұру
Бұл тек өзіңіз үшін бастайсыз, қайта оқу арқылы өміріңізде қандай жақсы сәттер мен өміріңіздін позитивке толы болғанын байқайсыз, әрі есіңізден шығып кетпейді.
Бұл жерде тоқтап қалмаңыз, яғни тек жазып қана қоймай, анаңызға, достарыңызға, ұжымжастарыңызға, өткінші адамдарға да бірден айтып үйреніңіз. Әр кісіге көмектесу арқылы алған «Рахмет» , олардың еріксіз күлкісінен, рахат аласыз.
Бұл кішкене болсын әлемді жақсартатын, мейірімдіктің кілті.
Авторы: Медина Рахмедулла
Фото: pixabay.com