Сахнада айран көрмегендей жалағаны несі? - Ikerim.kz

Сахнада айран көрмегендей жалағаны несі?

«Әжесінің қызы» деген мәртебе бәріне бірдей бұйыра бермейді. Бірақ бір қара кемпірдің тұңғыш шөбересі, бір сары кемпірдің тұңғыш немересі болып, бұл мәртебе маған еселеніп бұйырған. Маған әже болған келіні мен енесінің қызықтары жетерлік. «Екі қарттың ортасындағы бала дана болады» дейтін еді, даналығымды білмедім, бірақ шалалығым болып тұратын…

Соның бірі менің үлкен әжеммен байланысты. Қара әжем менің студент кезімде қара әжем дүние салды. Оны есіме алған сайын ойыма мына бір оқиға орала береді. Кейде сол кездегі түсінігім үшін, өзіме «Ақымақсың!» деп отырған орнымнан тұрып кетемін…

Ол кезде мен 5 сынып оқитынмын. Қара әжем ініммен бірге 8 наурызға арналған «Асыл əже» деген байқауға қатысты. Негізі сондай концерт атаулының ортасынан шықпайтынмын, бірақ сол жолы бастауыш сынып оқушыларының арасында болғандықтан көрермендер қатарында отырдым. Қателемпесем, шамамен 7-8 əже немерелерімен қатысып жатыр, менің әжем ғана шөбересімен өнер көрсетті, оның үстіне басқалардан жасы үлкендігі тағы бар.

Әжем өзі кішкентай ғана, қара кемпір болататұғын. Өмірінің соңғы күндеріне дейін су тасып, ауыл арасында жаяу жүретін. Оның қара күшін келіндері мен қыздары қазірде таңданыспен айтып отырады. Сол күші менде де бар-ау, сірə?!)))

Жиын-тойда сөз берсең мақалдатып дəмін кіргізіп, артынан əндетіп, соңын батамен аяқтайтын.

…Сол байқауда түрлі сын болды əнді де айтты, ұршықты да иірді, наурыз көже де дайындады. Наурыз көженің айранын сахнадағы барлық əжелер бір-бір кеседен ішіп алды)) Ой, ішінде біздің əже ғана ішіп болғасын кесені саусағымен тазалап бір жалап алды… бір рет емес , ұз-а-а-ақ… ана кесе тап-таза болғанша жалаған шығар?! Үйде ондайға мəн бермейсің ғой, «сахнада айран көрмегендей жалағаны несі?» деп өзімше намыстанайын.
Сосын үйге келгесін сол кемпірдің ұлы, менің атама «Кесені қолымен сыпырып алды ғой…, ұялып кеттім» деп жалып айтып отырмын. Сонда атам: «Ол кісілер ашаршылықты көрген. Сондықтан əрбір тамшының қадірін біледі!»-,деді.

Дәл сол жерде не түсінгенім есімде жоқ! Бірақ қазір оның неге кесені жалағанын жақсы түсінемін. Айтпақшы, сол байқауда менің əжем «Асыл əже» атағын алған еді.

Пысы: Тамшының қадірін білейік!

Фото: ашық дереккөзден алынды.

 

Total
45
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Иглз болмаймын бір күні…

Next Post

Монашканың махаббаты